«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 12.05.2021

Аққайыңдағы ауқымды жұмыстар

Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылдық округінде “Северный бройлер” серіктестігі жылдық қуаты 5 мың тоннаны құрайтын ет өндіретін бройлер құс фабрикасын салуда. Жобаның құны – 5,8 млрд. теңге. Жоба іске асса, 168 жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Аққайың ауданының әкімі Рүстем Елубаев орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында айтты. Брифингте Президент Жолдауы аясында жүзеге асырылып …

Аққайыңдағы ауқымды жұмыстар Read More »

ӘСКЕРИ ИНСТИТУТ — ЗАМАНАУИ ОҚУ ОРНЫ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Ұлттық ұлан әскери институтында болды. Былтыр оқу орнының тозығы жеткен екі ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Атап айтқанда, курсанттар тамақтанатын асхана жаңартылса, ескі қойма оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуге бейімделді. Биыл да оқу орнында бірқатар өзгерістер орын алмақ. Материалдық-тұрмыстық базаны жақсарту мақсатында 2,5 гектар аумақта заманауи оқу корпусының, казарманың және спорт кешенінің құрылысы …

ӘСКЕРИ ИНСТИТУТ — ЗАМАНАУИ ОҚУ ОРНЫ Read More »

ҚАРЖЫ БАР, ҚҰЛШЫНЫС ЖОҚ

Бүгінде өңіріміздің аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салы­нуда. Олардың бірқатары биыл пайдала­нуға берілуі тиіс. Қаржы жеткілікті бөлін­ге­німен, кейбір нысандардың құрылысы қаң­тарылып тұр. Өйткені жауапсыз мердігер­лер құрылыс жұмыстарын аяқтауға асығар емес. Бұл туралы облыстық қоғамдық ке­ңестің отырысында айтылды.

ТІЛ ҮЙІРЕР ТАҒАМДАР

Достық үйінде тағам әзірлеу бойынша өткен этно-фьюжн байқауы қорытындыланды. Жергілікті этномәдени бірлестіктердің арасында ұйымдастырылған шарада чак-чак тағамы үздік деп танылды.

Мұхит – “Қызылжар барысы”

Петропавлдағы Спорт сарайында қазақ күресінен “Қызылжар барысы” облыстық турнирі өтті. Оған 13 ауданнан және Петропавл қаласынан салмағы 90 килограмнан жоғары 30 балуан қатысып, облыс әкімінің жүлдесін сарапқа салды.

Соңғы минутта сүрінді

Футболдан Премьер-лига командалары 10-шы тур матчтарын өткізді. Петропавлдық “Qyzyljar” клубы сырт алаңда Түркістанның “Тұранымен” кездесті.

Қоламсадан хлорелла құтқара ма?

Қызылжарлықтар қолқаны қапқан қоламсадан қашан құтылады? Бұл қаламыздың әрбір тұрғынын толғандыратын сұрақ. Көктем туысымен жел теріскейге ауысса, қаланы күлімсі иіс кеулеп, тыныс алу қиындап кететіні жасырын емес. Әсіресе 19-шы, 20-шы шағынаудандар мен “Заречный” кентінің тұрғындары ыстық күнде есік-терезесін қымтап жүреді. Борсыған истің көзі – қала сыртындағы биотоған. Яғни, кәріз желісі мен жаңбыр суы құйылатын көл. …

Қоламсадан хлорелла құтқара ма? Read More »

МЕЙІРІМ МЕКЕНІ

Мағжан Жұмабаев ауданында Сулышоқ деген ат төбеліндей ғана ауыл бар. Аудан орталығына тиіп тұр, жеңіл көлікпен жарты-ақ сағат жүресің. Қазақтың қай жері болмасын көрікті ғой, бұл ауыл да жан-жағы қайыңды орманмен көмкерілген, кіре берісінде жаз бойы қаңқылдаған қаз бен кербез аққу қонған айдын көлі бар. Осы ауылдың тумасы шаруашылықты қолына алып, елдің іргесін сөкпей, ұстап …

МЕЙІРІМ МЕКЕНІ Read More »

Абыройлы азамат еді

Бұл азаматпен мен 25 жыл қызметтес болдым. Жеткен жетістіктеріне куәмін. Сүрінген сәттерін де көрдім. Ол сұрапыл соғыс жылдары 14 жасында Петропавлдағы Киров атындағы зауытқа шебердің шәкірті болып жұмысқа кіріп, цехтың бастығы, директордың орынбасары қызметтерін атқарды, кейін ширек ғасырдан астам уақыт осы зауытты басқарды. Оның есімі – Мидхат Усманұлы Сүтішев.

Менің әкем

Ауыл дегенде алдымен әкем салған қора есіме түседі. Керемет көп малымыз болған жоқ, екі сиыр, бес-алты қой мен өзінің сенімді серігі – торы биесі үшін тұрғызған. Сол үй мен қораның арасында әкемнің көлеңкесіндей болып мен жүруші едім. Әкем марқұм өте кірпияз болды, қораны таза ұстайтын. Кейбір ауылдастарынікіндей емес, біздікінде тіпті қылау болмайтын. Ең алдымен, әкемнің …

Менің әкем Read More »

Әбу Досмұхамбетов

Әбу Досмұхамбетов 1920 жылдың 15 маусымында Мамлют ауданының Үшкөл ауылында дүниеге келген. 1939 жылдың қыркүйегінде әскер қатарына шақырылып, полк мектебінде оқып, лейтенант атағын алған. 1942 жылы майданға аттанды.

ЖЕҢІС ЖАУЫНГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

“Жаутаңдап қарап дала тұр, Көз жасын сүртіп жаңа бір. Хабарсыз ұлын сұрауға, Жолыңды тосып ана жүр”, – деп ақын жырлағандай, Екінші дүниежүзілік соғыс қазақ халқы үшін де ең ауыр, ең сұрапыл қанды қырғындардың бірі. Әлемді шарпыған соғыс өрті 60 млннан астам жанды жайпағанын еске түсірсек, адамзат тарихында бұдан асқан трагедиялық зұлмат болмаған шығар деген ойға …

ЖЕҢІС ЖАУЫНГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ Read More »

БАС МҮФТИДІҢ ҚҰТТЫҚТАУЫ

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау Аллаға тән. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедке Алланың салауаты мен сәлемі болсын!

Мектепті жақында аяқтаған: Ауғанстанның 4 азаматы Қазақстанға заңсыз кірген

Петропавл тұрғыны полицияға шекараны заңсыз кесіп өтіп, облыс орталығында еш құжатсыз тұрып жатқан Ауғанстанның 4 азаматын анықтауға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.