САНАДАҒЫ СЕРПІЛІС
Азаттық ұғымының астары терең, ауқымы кең. Елдің тәуелсіздігі, бірінші кезекте, жердің, тілдің, діннің, ұлттың және сананың еркіндігімен өлшенетіні белгілі. 1991 жылы одақ ыдырап, жеке мемлекет болып отау құрып шыққан тұста осы құндылықтардың бәрі бірдей бойымыздан табыла қоймағаны шындық. Шекарамыз әлі шегенделмеген, тіліміз “сарыала”, дініміз дүдәмал еді. Талай репрессияны көріп, ұлтшыл болудан әбден қорқып қалғанымыз тағы …