«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 18.05.2021

ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Облыс орталығындағы Уәлиханов көшесінің бойында жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде. Облыстық білім басқармасы ұйымдастырған баспасөз туры барысында журналистер атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

ҮМІТТІ АҚТАДЫ

Тайландта парапауэрлифтингтен өткен Әлем кубогында қазақстандық спортшылар 5 бірдей жүлделі орынға ие болды. Ел құрамасының қоржынына 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль түсті. Оның екеуі петропавлдық “Үміт” клубының мүшелері – Владимир Низавитин мен Александр Даськовтың үлесінде.

Жұлдыз

(Әңгіме) Саян биыл үшінші сыныпты бі­тірді. Жазғы демалысқа шығып, ер­кінсіп жүр. Жуырда қыдырып қа­лада тұратын апа-жездесіне бар­мақ. Күнде саябақтан шық­пай­ды, әткеншектердің бәріне мінеді, балмұздақты тойғанша жейді. Одан кейін, басқа ауылда тұра­тын әке-шешесіне барады. Осы ойына елтіп жүргеніне екі-үш күн боп қалды, Салтанат әпкесінің келуін тосып жүр. Бірақ сабақ біт­ті екен деп, жұмыссыз отырмай­ды. Құсқа жем …

Жұлдыз Read More »

ХАЛҚЫНА ҚОРҒАН БОЛҒАН ЕР ЖАНАТАЙ

Жоңғар шапқыншылығы тұсында жүрек жұтқан батырлығымен көзге түсіп, қасық қаны қалғанша туған жердің тұтастығын сақтап қалуға атсалысқан Жанатай батыр Жәнкеұлының ерлігін елге мұра, ұрпаққа ұран ету мақсатында Есіл ауданының Өрнек ауылында былтырдан бері түрлі шаралар жүзеге асырылып келеді. Игі бастаманың жалғасы ретінде жуырда Алматы ауылдық округі әкімшілігі мен елді мекеннің белсенді азаматтары Ұлттық Ұлан Әскери …

ХАЛҚЫНА ҚОРҒАН БОЛҒАН ЕР ЖАНАТАЙ Read More »

Ерліктің үлгісі

Әке! Ардақты есім. Жарқын бей­­несі қашанда жадымызда. Әкем – Балғожа Қалиасқаров 1908 жылы қазіргі Тайынша ау­да­нына қарасты Кішкене қопа де­­ген ауылда дүниеге келген. Әке­ден ерте қалған ол өмірдің тау­қыметін көп көрді. Ағасы Бей­сен екеуі байдың малын бағып, ана­ларына қамқор болды. Қай жұ­мысты болмасын аса ұқып­ты­лықпен, жауапкершілікпен орын­дай білетін әкем ауылда ұста бо­лып та жұмыс істеді. …

Ерліктің үлгісі Read More »

Бақ құсы (Ертегі).

Ертеректе Айдос, Бидос атты екі бала болыпты. Екеуі көрші, әрі тату дос екен. Айдос өте ұш­қыр қимылды, қандай іске болсын икемді, ал Бидос керісінше жалқаулау болыпты. Бір күні Айдос досының үйіне келіп:

Хакім Абайға

О, Абай! Жыр-өлеңнің иесі сен, Ақыл-ой, хакімдіктің киесі сен. Халықтың жүрек сырын жырға қосқан, Кемеңгер, ойлы сөздің жүйесі сен.

ҚАРЖЫ ҚҰЙЫЛЫП ЖАТЫР бірақ жолдың “жыры” таусылар емес

Жыл сайын жол салуға және ескілерін жөндеуге қыруар қаржы бөлінуде. Мәселен, былтыр осы мақсатқа республикалық бюджеттен 50 млрд. теңге берілді. Алайда, сол қаржының қайтарымы көңіл көншітер емес. Ақшаны дұрыс игермеу, сапаның төмендігі сияқты мәселелер жылда қайталанады. Президенттің сынынан соң “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ-ның басқарма төрағасы Ұлан Алыпов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне қарасты автомобиль жолдары комитетінің …

ҚАРЖЫ ҚҰЙЫЛЫП ЖАТЫР бірақ жолдың “жыры” таусылар емес Read More »

Тарих айнасы

Өткен күндермен қауыштырып, тарих беттеріне сапар шектіретін мұражайлардағы құнды жәдігерлер – баға жетпес қазына. Қазіргі заман мұражайлары қоғамның түрлі сұраныс-талаптарына жауап беруі керек.

Ажары бөлек Айыртау!

Солтүстік Қазақстан облысындағы туризм саласын айтқанда алдымен ойға Айыртау ауданындағы Шалқар және Имантау көлдері оралады. Көкшетау ұлттық табиғи паркіне жататын бұл өлкенің ажары ерекше екені жасырын емес. Көркіне көз тоймайтын тұмса табиғаты жанға рақат сыйлайды. Өлкемізге берісі еліміздің түкпір-түкпірінен, арысы Ресей, тіпті алыс шетелдерден демалуға келетіндер аз емес. Көрікті мекендегі туризм саласының дамуы жайында Айыртау …

Ажары бөлек Айыртау! Read More »

АТҚАРЫЛАР ШАРУА АЗ ЕМЕС

Есіл ауданындағы Явленка ауылында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы біраз уақыттан бері тоқтап тұр. Тұрғындар да спорт нысанының пайдалануға берілуін тағатсыздана күтуде. Алайда, қыруар қаржы бөлінсе де, мердігер компания құрылыс жұмыстарын жүргізуге асығар емес.

СПОРТҚА ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТТЫ

Өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен әкімдік отырысы өтіп, күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Сергей Мелехов өңіріміздегі балалар-жасөспірімдер спортының даму барысы туралы баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі таңда балалар-жасөспірімдер спортын дамытуға ел бюджетінен 3,3 млрд. теңге бөлінген. Аталмыш саланың дамуы инфрақұрылымға тікелей байланысты. Соңғы жылдары спорт ұйымдарының материалдық-техникалық базасы, …

СПОРТҚА ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТТЫ Read More »