«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 19.05.2021

ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ЕҢСЕРУ ЖОЛЫНДА

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Тәуелсіздік бәрінен қымбат” мақаласында: “Мен азаттықтың алғашқы онжылдығын жаңа Қазақстанның іргетасын қалау кезеңі деп атар едім. Осы уақытта Елбасының басшылығымен мемлекетіміздің нышандары белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты. Ұлттық валютамыз айналымға енді. Қарулы күштеріміз құрылды. Ата Заңымыз қабылданды. Шетелдермен дипломатиялық қатынас орнатылды. Еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды”, – деп жазған болатын. Қастерлі Тәуелсіздігіміздің …

ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ЕҢСЕРУ ЖОЛЫНДА Read More »

Мектептегі мұражай

Қожаберген жы­рау атындағы №6 мектеп былтыр “Жас өркен” шағынауданында есі­гін айқара ашқан үшқабатты жаңа білім ошағына көшкен болатын. Қазір мұнда оқып жатқан бір мың­ға жуық шәкіртке 73 ұстаз са­бақ береді. Олардың 25-і – педа­гог-зерттеуші, 11-і – педагог-сарапшы, 8-і педагог-модератор, 14-і жоғары санат иеленген.

БАРЛЫҚ САЛАҒА СЕРПІН ТӘН

Облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңесте өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджеттің кіріс-шығыс бөлігінің орындалу барысы талқыланды.

Жұмыс барынша жеңілдетілген

Мамлют ауданындағы “Мәмбетов және К” коммандиттік серіктестігінде бірнеше жыл бақташы болып еңбек еткен Еділ Дүйсенбеков 2019 жылы Меңгесерде 600 сиырға арналған заманауи тауарлы-сүт фермасы ашылған соң сонда сүт сауу цехының операторы болып жұмысқа орналасқан. Ол бұл жұмысты да тез меңгеріп әкетті.

Өшпес ізі қалды

С.Мұқанов атындағы ғылыми-әмбебап кітапханада “Зор талант иесі” деген атаумен өткен әдеби кеш белгілі өнер қайраткері, жазушы, ұлттық драматургияның өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан Шахмет Құсайыновтың туғанына 115 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

САХНА САҢЛАҒЫ

Биыл бар ғұмырын ұлтымыздың төл мәдениеті­нің, классикалық музыка өнерінің дамуына арнаған атақты әнші, Социалистік Еңбек Ері, марқұм Ермек Серкебаевтың туғанына 95 жыл толады. Жерлесіміздің мерейтойына орай Ақан сері атындағы облыстық филармонияның ұжымы “Төбемде көк аспан” атты концерт ұйымдастырды.

ШАҢДЫ ДАУЫЛ САЛДАРЫ

18 мамыр күні өңіріміздің Тайынша, Ақжар, Уәлиханов аудандарында шаңды дауыл тұ­рып, ғимараттарды зақымдады. Атап айтар болсақ, Тайынша ауданындағы Чермошнянка ауылындағы әкімдіктің, Леонидовка орта мектебінің шатырын жұлып әкеткен. Сондай-ақ, Ақжар ауданындағы Талшық, Алқатерек және Восход ауылдарындағы мектептер шатырының кейбір бөліктерін ұшырған. Абырой болғанда тұрғындар зардап шеккен жоқ. Қазіргі күні шығын көлемі есептелуде.

Қызыл Оба археологиялық ескерткіші биыл музейге айналмақ

Солтүстік Қазақстан облысында «Қызыл Оба сыры» көрмесі өтіп жатыр. Көрермен назарына өткен жылы қорымда археологиялық қазба кезінде табылған жәдігерлердің бір бөлігі қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.