«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 24.05.2021

УАҚЫТ ОНЫҢ УЫСЫНДА

Сірә, адамды сыртқы кескін-келбетіне қа­рап бағалау жөн емес. Өр тұлғалы, қайтпас қайсар рухты болып көрінетін кейбіреулермен жақынырақ таныса келе, сырт кейпі ал­дамшы екеніне көз жеткізесің. Сызданып сырт көзге сыр бермегенімен, сырласқан кезде өзі отырған биіктен анағұрлым төмендігін, батылдығынан боркеміктігі басым екенін сезесің. Ал кейбіреулер, керісінше, алғашқыда қарапайым көрінгенімен, өмірдің сан соққысына тойтарыс бере білетін, жандүниесі …

УАҚЫТ ОНЫҢ УЫСЫНДА Read More »

Сенбілік сәулесі

Сенбілік дегенде, алдымен, әркім­нің есі­не бала күніндегі мектеп маңын жинауға шыққан кезі түсетіні сөзсіз. Кеңестік жүйеден қалған, әлі күнге ұмытылмай келе жатқан дәстүрлердің бірі. Оңтүстік облыс­тарда ерте басталғанымен, Қызылжар өңіріне көктем кеш келетіндіктен, сәуірдің ортасы­на қарай ғана, түрлі мекеме, үйлердің маңайында қолына сыпырғыш пен тырмасын алып түртінектеп жүрген адамдарды көреміз. Жалпы сенбілік – деген ұғым …

Сенбілік сәулесі Read More »

ЖЕҢІСКЕ БАСТАР ЖОЛ

“Тәні саудың – жаны сау” дейді дана халқымыз. Осы қағидаға біздің аудан тұрғындары берік. Басқасын айтпағанда, егемендік жылдары спорт саласында ауыз толтырып айтар жетістіктерге қол жеткізілді. Тек өткен жылдың өзінде 41 спорттық нысан пайдалануға берілді. Олардың басым бөлігін жасанды жамылғысы бар футбол алаңдары, көше тренажерлары бар алаңдар, жабық хоккей корттары, стадиондар мен ойын кешендері құрайды.

Жомарт жүрек

Ауданымызда мұқтаж адамдарға қол ұшын беруге дайын жомарт азаматтар баршылық. Солардың бірі – Тоқты ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Еншібай Әлімжанов десек артық болмас.

Баянды болашаққа — нық сеніммен

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – жас мемлекетіміздің тарихындағы елеулі оқиға. Бұл – ата-бабаларымыздың сан ғасырлық арманы. Егемендік жылдары біздің өңір де елімізбен бірге қалыптасу және даму жолын бастан өткерді. 1997 жылы бұрынғы үш ауданды біріктірудің нәтижесінде құрылған Ғабит Мүсірепов атындағы аудан осы уақыт аралығында толағай табыстарға қол жеткізді. Мәселен, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт …

Баянды болашаққа — нық сеніммен Read More »

Ырысы артқан “Ақселеу”

Ғабит Мүсірпепов атындағы ауданда ірілі-ұсақты екі жүзден астам шаруашылық бар. Алайда солардың арасында “Ақселеу” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алар орны зор. Шаруашылық басшысы Серік Малаев бүтін бір ауылдың жағдайын жасап отыр десек, артық айтпаспыз.

АТБАСАР МҰРАЖАЙЫ – АЙЫРТАУДА

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Айыртау ауданындағы “Ботай” музей-қорығында Ақмола облысының Атбасар тарихи-өлкетану музейінің жылжымалы көрмесі ашылды.

КҮМӘН БАСЫМ

Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында 22 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин айтты.

Мол өнімге – берік негіз

Өңірімізде көктемгі егіс қарқын алды. Қызылжар ауданында дән себу жұмыстарын белсенді жүргізіп жатқан агроқұрылымдардың бірі – “Сервис-ЖАРС” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Шаруашылықтың Бескөл және Чапаев ауылдарының маңындағы егіс алқаптарында болып қайттық. Мақсат – іргелі шаруашылықтың жұмыс барысымен танысу. Жердің тоңы жібіп, топырақ бусана салысымен, егіске кіріскен ұжым минералды тыңайтқыштармен, пестицидтермен және жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етіліпті. “Сервис-ЖАРС” …

Мол өнімге – берік негіз Read More »

КІТАПХАНАДА — ҚОС ЖҮЛДЕ

Бурабай қаласында 18-21 мамыр аралығында мәдениет және өнер саласы қызметкерлері мен ұйымдарының “Рухани қазына – 2021” фестивалі рәсімі өтті.

Президент Айыртау ауданында жаңадан салынған үйлердің сапасын тексеруді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

Өңірде «Ashyq» қосымшасы карантин талабын бұзғандарды көрсетіп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында коронавируспен ауыратын және ауырған адаммен байланыста болған 4 адам қоғамдық орындарға барып, «Ashyq» қосымшасының көмегімен анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.