«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 25.05.2021

Бизнестің жол картасы – 2025: Өңірде биыл 170 жоба қаржыландырылды

Солтүстік Қазақстан облысындағы «ViZaVi Company» ЖШС 80 түрлі кондитерлік өнім шығарады. Кәсіпорын мемлекеттік бағдарламалардың тұрақты қатысушысы. Былтыр «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы аясында автокөлік сатып алып, дистрибуцияны жолға қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ — КҮМІС ЖҮЛДЕГЕР

Петропавлда балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден ел біріншілігі өтті. Төрт күнге созылған додада Қазбек Байболов атындағы жергілікті спорт мектебінің тәрбиеленушілері күміс жүлдеге қол жеткізді.

Балуандар бабында

Шымкент қаласында қазақ күресінен өткен Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық турнир өз мәресіне жетті. Бәсі биік додада 2006-2007 жылдары туған жасөспірімдер жекелей және командалық сында бақ сынады.

Бір үйді екі рет тонаған

Кешке үйіне оралған Жұмысшы кентінің тұр­ғыны терезесінің сынғанын көріп, бірден полицияға хабарласқан. Ұры бағалы заттарды іздеп, үйдің астан-кестеңін шығарыпты. Полицейлер осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін бұрын бірнеше рет сотталған 45 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ұрланған заттар оның пәтерінен, ал алтын бұйымдар ломбардтан табылды. Шығын мөлшері 200 мың теңгеге бағаланды.