Солтүстік Қазақстан облысында екі жылға жуық үзілістен кейін «Құлагер» ипподромында жазғы ат жарысы маусымы ашылып, облыстық ат спорты жарыстары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, пандемияға байланысты өңірде екі жылға жуық ат спорты жарыстары өткізілген жоқ. Сол себепті ат спортының ашылуын көпшілік асыға күткен еді. Көрермендер бұрыннан белгілі шабандоздар мен олардың аттарын ерекше қошеметпен қарсы алды.
www.inform.kz