Солтүстік Қазақстан облысында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай 2 538 адам біржолғы жәрдемақы алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, өңірде 2014 жылдан бері саяси қуғын-сүргін құрбандарына бір реттік төлем төленіп келеді.
«Облыста 2 538 саяси қуғын-сүргін құрбаны және олардың балалары бар. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай биыл да зардап шегушілерге біржолғы көмек берілді. Былтыр 7 АЕК болса, биыл 10 АЕК-ке дейін өсті. Яғни жәрдемақы мөлшері 29 170 теңгеге жетті», – дейді СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы Назерке Тасқұлова.
Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 89 млн теңге қарастырылған.
www.inform.kz