Тараздағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен жарыс өтті. Дүбірлі додада Қазақстан Республикасының кубогы сарапқа салынды. Боз кілемге солтүстікқазақстандық балуандар да шығып, 1 алтын, 2 күміс медальға қол жеткізді.
Жарыс бағдарламасына сәйкес 100 килограмм салмақ дәрежесінде белдескен “Қызылжар арландары” кәсіби спорт клубының мүшесі – Мұхит Тұрсынов жеңімпаз атанды. Қарсыластарының алдын ораған балуан алтыннан алқа тағынды. Ал бұл клубтың тағы бір өкілі Мейіржан Берекетов 60 килограмм салмақта жүлделі екінші орынға ие болды.
Ел кубогында бұрымдылар да өнер көрсетті. Солтүстікқазақстандық Дильназ Асылхан 48 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түсіп, күміс медальді қанжығасына байлады.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.