«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қатты боранда кішкене інісін арқалап жүріп құтқарған жігіт марапатталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер 18 жастағы жігітті марапаттады. Ол боранда інісін құтқарған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Есіл ауданы полиция бөлімінің басшысы Ерлік Есләмбеков Бірлік ауылына барып, 18 жастағы Ернияз Әшкенді марапаттады. Ол қыста азаматқа тән мінез көрсетіп, інісін құтқарған еді.

Оқиға ақпан айында болды. Ернияз атқа жегілген шанаға мініп, 7 жастағы інісімен Есіл өзені жақта жүрген жылқыны қайыруға ауыл сыртына шыққан. Біраздан кейін боран күшейіп кеткен. Салдарынан олар қайтар жолды таба алмай, адасып кетеді.

Балаларды іздеуге ауыл тұрғындары, полицейлер, құтқарушылар және қорықшылар шықты. Ағасы мен інісі түн ортасында, тек 6 сағаттан кейін ғана табылды.

«Ернияздың ісіне тәнті болдық. Ол үстіндегі қалың киімін шешіп, інісіне кигізіп, арқасына мінгізіп алыпты. Екі бала да шаршаған, тоңған, тіпті сөйлеуге әлдері келмеді. Сол күні боран басталғанда мінген аттары беті ауған жаққа ала қашқан. Сондықтан балалар түсіп қалып, ауылға жаяу бармақ болған», – дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Ерлік Есләмбеков.

Ернияздың айтуынша, олар қатты тоңған. Жылынып, демалу үшін қарды үңгіп, ішіне кіріп жылынбақ болған. Ауданның полицейлері балалардың ісі көпке үлгі етіп, алғыс хатпен марапаттады.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp