«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бес тілде сөйлеймін

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толады. Мен осындай жа­сампаз елде туғанымды мақтан етемін. Елімізде өзге этнос өкілдеріне жа­салған жағдайдың арқасында мен университетке түсіп, қазір магистратурада оқып жатырмын. Күнделікті сабақтарыммен қатар, облыстық ас­самблея жанындағы әзірбайжан орталығының жастар қанатына жетекшілік етемін. 2016 жылдан бері Достық үйіндегі барлық іс-шараларға қатысып келемін. Бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан түрлі эт­ностардың мәдениетін, тілі мен салт-дәстүрлерін танып-білген ұнайды.

Орыс мектебінде оқи жүріп, қазақ тілін барынша меңгеруге тырыстым. Тіпті қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойын­ша облыстық, республикалық байқаулар мен олимпиадаларға қатыстым. Елімізде мемлекеттік тілді меңгерген жастар үшін барлық жағдай жасалған. Меніңше, мемлекеттік тіл де – ел азаматтарын біріктіруші, табыстырушы факторлардың бірі.

Шахнияр АЛЛАХЯРОВА,

облыстық әзірбайжан мәдениеті орталығы жастар қанатының жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp