«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 07.06.2021

КӨГІЛДІР ЭКРАННЫҢ САПАСЫ АРТАДЫ

Қазақстанда аналогты телеви­зи­яның орнына цифрлық телеви­зия келеді. Бұл дегеніміз, Қазақ­стан тұрғындары біртіндеп теле­хабар таратудың әлемдік дең­гейіне көшеді деген сөз. Цифрлық эфирлік телехабар тарату ана­логты телевизияға қарағанда көп­теген артықшылықтарға ие. Не­гізгі артықшылығы – оған қосылудың қарапайымдылығы, қолжетімді телеарналар санының ар­туы, түрлі кедергілер мен або­ненттік төлемнің болмауы.

Өнерлі өрендер

“Dostyq mall” сауда-ойын-сауық орталығында Назар­баев зияткерлік мектебі оқушыларының “Шексіздік” ат­ты көрмесі ұйымдастырылды. Өнерлі өрендер өз туын­дыларына Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму саласындағы 17 мақсатын арқау етті.

ТІЛІМ – ТҰҒЫРЫМ!

Қазір жаһандану заманы. Адамдар қалаған, қызыққан дүниесіне еш қиындықсыз қол жеткізе алады. Дегенмен енді ғана қанатын жайып, көк­ке құлаш сермеген Қа­зақстан сияқты жас мемлекет үшін бұл бір қиын кезең, ауыр жол. Неге? Өйткені бізде еліктеу­шілік басым. Бір елдің қаңсы­ғын таңсық көреміз. Әлем­дегі озық жетістіктерге қы­зығу, тәжірибе жинау қажет-ақ. Бірақ әр нәрсенің шегі болады.

Бірінші орын — Аманжолда

Тұғырлы Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен ақын, жазушы, Павлодар облысының құр­мет­­ті азаматы Зекебай Сол­тан­баевтың 90 жасқа то­луы­на орай өткен “Азат ел­дің абы­зы” атты аймақа­ралық жыр мүшәйрасында Петропавлда­ғы Ерік Асқа­ров атын­дағы об­лыстық ақын­дар орталығы­ның ұстазы – Аманжол Зағы­пар бірінші орын алды.

Көлде адасқан балықшы

Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауы­лының 70 жастағы тұрғыны Сергей Косенко туыс­­тарына ескертпеген күйі таңертең көлге ба­лық аулауға ке­тіп қалған. Кешке жақын зейнеткер балалары­на телефон соғып, көл ортасында бағытынан ада­сып кеткенін айтқан. Немересіне көлдің Аққайың ауданының Дайындық ауылына жақын жерде екенін айтып үлгеріпті. Содан кейін телефоны өшіп, байланыс үзіліп кеткен.

ЕЛ ЖҮРЕГІ – ЕЛОРДА

1991 жылдың 16 желтоқсанында әлем картасында жаңа мемлекет пайда болды. Бұл – қайта жаңғырған қазақ елінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Содан бергі 30 жыл тарих тұрғысынан алғанда көзді ашып жұмғандай қысқа сәт. Дегенмен, бұл көптеген қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады.

БЕЛГІСІЗ БАТЫР

Кеңес Одағының Батыры Хусаин Деникаев туралы тарихи деректер өте аз, тіпті жоқтың қасы. Жауынгердің туыстары осы уақытқа дейін батырдың майдан даласында із-түссіз жоғалып кеткенінен ғана хабардар болып келген еді. Бірақ 2018 жылы Отан үшін от кешкен жауынгердің ұрпақтары оның талай рет ерлік жасап, көптеген қаруластарының өмірін құтқарғанын білді.

СҮТТІ САНДЫҚ ТАҢБАЛАУ

Солтүстік Қазақстан облысындағы сүт зауытында өнімді цифрлық таңбалау жүйесі сынақтан өткізілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

“Жасыл” аймақтамыз

Маусымның 6-ы күні өңірде 10 адам­нан қауіпті індет анықталды. Соның ішінде сегіз адамда ауру белгісі бар. Науқастар Қызылжар, Есіл, Мағжан Жұмабаев, Мамлют және Тайынша аудандарында тіркелді.

БОЛАТБЕКТІҢ БРЕНДІ

Қалдыровтар – Қызылжар өңіріне есімдері етене таныс әулет. Көпшілік ұлттық нақышта жасалған астау мен ожау, шара секілді көркем әрі сапалы бұйымдарды сол кісілерден алуға тырысады. Өйткені оюы әсем, пішіні көркем ұлттық бұйымдар тек кәдесый ғана емес, қолдануға да қолайлы. Шеберлер әулетінің кенжесі Болатбектің шығармашылығы ағаларынан асып түспесе, кем емес. Ол тіпті, соңғы кезде ұсталық өнерімен …

БОЛАТБЕКТІҢ БРЕНДІ Read More »

Петропавлдың өз Арбаты пайда болды

Петропавлда суретшілер мен қолөнершілердің, ақын-жазушылар мен музыканттардың басын қосқан «QYZYLJAR» art-орталығы жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

“ӨЗІМ КЕТСЕМ, АРТЫМДА СӨЗІМ ҚАЛСЫН”

Есептеп отырсақ, Есләм Зікібаев­тың кітапқа жарияланған өлеңдері отыз мың жолдан асады екен. Демек, осының өзі қаншама көз майын тауысып жүйке жұқартқан күлкісіз күндер мен ұйқысыз түндердің жемісі екенін түсіну қиын емес. Оған мерзімді баспасөзде ғана жарияланып, жинаққа сұранып тұрған он-он екі мың жолдай өлеңдері мен он бес баспа табақтай очерк-эсселерін қосса, жанкештілікке пара-пар еңбекқорлықты байқаймыз. …

“ӨЗІМ КЕТСЕМ, АРТЫМДА СӨЗІМ ҚАЛСЫН” Read More »

ЖОЛДАР ЖӨНДЕЛІП, ҮЙЛЕР САЛЫНУДА

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында аудан әкімдерінің есеп беру брифингтері жалғасуда. Бұл жолы Тимирязев ауданының әкімі Нұрлан Кеңесов баяндама жасады.

АУДАНДАҒЫ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан­да 16 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Төрт бірдей тауарлы-сүт фермасы салынуда. Осы және өзге де атқарылып жатқан жұмыстар туралы орталық коммуникациялар қызме­тінің өңірлік филиалында өткен брифинг барысында аудан әкімі Ағзам Тастеміров айтты.

ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫҢДЫ ТІК!

Биыл “Рухани жаңғыру” бағдарламасының аясында “Туған жер” жобасын жүзеге асыру үшін 261 миллион теңге жұмсалады. Қазіргі күні бұл жоспарды орындау үшін өңірде 86 меморандум жасалды. Биылғы қаңтар-ақпан айларында 28 жоба іске асып, 73,6 миллион теңге игерілді.

ДЕР КЕЗІНДЕ АЯҚТАДЫ

Өңір диқандары көктемгі егіс науқанын толық аяқтады. Агроқұрылымдар уақытпен санаспай еңбек етіп, дән сіңіру жұмыстарын мерзімінде бітіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасады.

Жетім көрсең, жебей жүр

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Петропавлдағы “Қызылжар” облыстық орталық мешіті “Жетім көрсең, жебей жүр” қайырымдылық акциясын өткізді. Бұл жолы дін қызметкерлері отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін қуантты.

Жауһар жыры жүректе

С.Мұқанов атындағы облыс­тық ғылыми-әмбебап кітапха­на­да жерлесіміз, белгілі ақын, пуб­лицист Есләм Зікібаевтың 85 жылдығына орай “Өлеңі – өмірі” деп аталатын еске алу кеші өтті. Ша­раға М.Қо­зыбаев атындағы СҚУ-дің оқы­тушылары мен студенттері, Е.Серкебаев атын­дағы өнер кол­леджінің сту­денттері, “Қалам­гер” клубы­ның мүшелері, кітап­хана оқыр­мандары мен ақынның туған-туысқандары қатысты.