«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Петропавлда биыл 28 көпқабатты үй пайдалануға берілмек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда биыл бюджеттік – 18 және коммерциялық 10 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қаласының әкімі Болат Жұмабековтің айтуынша, қазір облыс орталығында 2875 пәтерлік 28 бюджеттік тұрғын үйдің және 1103 пәтерлік 17 коммерциялық баспананың құрылысы жүріп жатыр. Биыл оның 28-і салынып бітеді.

«Биыл пайдалануға берілетін көпқабатты үйлердің 5-уі коммуналдық-жалға берілетін, 13-і несиеге берілетін және 10 коммерциялық баспана. Барлығы – 2 мыңнан астам пәтер. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 %-ға артық.

Петропавлдағы 12 қабатты 198 пәтерлі үй бойынша мәселе шешілген жоқ.

«Севинстальком» ЖШС-мен келісімшартты бұзу мақсатында соттасып жатырмыз», – дейді қала әкімі.

Жеке тұрғын үй құрылысын арналған Солнечный кентінде және Южный ықшамауданында инженерлік желі тартылып жатыр. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен қаражат бөлінген.

«Солнечный кентінде бюджет есебінен бір пәтерлі 211 тұрғын үй салынып жатыр. Олар екі типті. Біріншісінің бағасы 8,4 млн теңге тұрса, екінші типті үйлер 10,7 млн теңгеге бағаланған. Бірінші типті 72 үй салынып, сатылып кетті. Екінші типті 31 үй пайдалануға берілді. Жалпы биыл Солнечный кентінде 2090 жер учаскесіне және Южный ықшамауданында 975 жер учаскесіне инженерлік желі тартылады», – дейді Болат Жұмабеков.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp