«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңір университетіне «Серпін» бойынша 500 грант бөлінді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында биыл 237 студент «Серпін» жобасы бойынша жоғары білім алып шығады. Түлектер 100% жұмыспен қамтылады. Бұл жайында Солтүстік Қазақстан университетінің ректоры Ерлан Шұланов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылдан бастап Қозыбаев университетінің түлектері жоғары оқу орнын бітіргені туралы халықаралық стандарт бойынша жаңа үлгідегі диплом алады. Сондай-ақ түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткішін 92-93 %-ға жеткізбек. Бұл туралы брифингте жоғары оқу орнының ректоры Ерлан Шұланов мәлімдеді.

«Облыс әкімдігінің қолдауымен түлектердің басты мәселесі – жұмысқа орналасу шешімін таппақ. Ол үшін өңір кәсіпорындарының басшыларымен кездесулер өткізіліп жатыр. Соның ішінде «Серпін» бағдарламасының түлектеріне ерекше көңіл бөлініп отыр. Биыл бұл жоба арқылы оқуды 237 студент аяқтайды. Білім алушылардың әрқайсысына облыс кәсіпорындарынан ұсыныс түседі. Биыл «Серпін» жобасы бойынша бізге 500 грант бөлінді», – дейді Ерлан Шұланов.

Медициналық мамандық алған түлектерді де жұмысқа орналастыру үшін сәуір айында облыстық ауруханалар мен емханалар басшыларының қатысуымен іріктеу жүргізілді. Интернатураны 21 адам аяқтайды.

«Мықты профессорлық-оқытушылық құрамсыз жетістікке қол жеткізу мүмкін емес. Биыл біздің 2 оқытушымыз республикада «жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атанды, олар: Татьяна Ратушная, PhD докторы, және PhD докторы, доцент Тоқтар Мұрат. Сонымен қатар, ол ҚР БҒМ-нің 7,6 млн теңге көлемінде «биокөмірдің сілтісіздендірілген қара топырақты, топырақтың құнарлылығына және жаздық бидайдың шығымдылығына әсері» атты ғылыми грантын жеңіп алды. Сондай – ақ, ғылыми гранттарды – 38 млн теңгені Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, PhD докторы Гүлмира Мұхаметжанова және 50 млн теңгені «математика және информатика» кафедрасының доценті, PhD докторы Светлана Луцак жеңіп алды», – дейді Ерлан Шұланов.

Университет беделінің тағы бір көрсеткіші – шетелдік студенттердің болуы. Бүгінде бакалавриатта 10 мемлекеттен 365 студент оқиды. Сондай-ақ, оқу орнында биыл сертификаттау орталығы ашылды, ол студенттерге дипломнан басқа 1С-бухгалтерия кәсіби сертификатын алуға мүмкіндік береді. Бұл жоғары оқу орындары базасында ашылған Қазақстандағы алғашқы осындай сертификаттау орталығы.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp