«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауыл тұрғыны үйінде жарылғыш заттар жасап келген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында 63 жастағы ауыл тұрғынынан полицейлер қолдан жасалған жарылғыш заттарды тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шал ақын ауданының орталығы Сергеевкаға Тимирязев ауданының 63 жастағы тұрғыны келген. Ол бос қол келмей, өзімен қару-жарақ ала келген.

Полицейлер ер адамнан пышақ пен жарылғышқа ұқсас тұтатқышы бар металл түтіктерді тәркіледі.

Ауыл тұрғынының үйін тексеру кезінде жарылғыш құрылғыны жасауда қолданылатын заттар, патрондар мен қолдан жасалған екі граната табылды.

Сараптама қолдан жасалған граната түріндегі бұл жарылғыш құрылғылардың жарылу және күйдіру әсері бар жауынгерлік қару-жарақтарға жататынын растады.

«Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – дейді Шал ақын аудандық полиция бөлімінің басшысы Руслан Мұхамбетжанов.

Шал ақын ауданының соты күдіктіні қамауға алуға санкция берді.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp