«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Еріктілер көмегі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Сәуір айынан бері еріктілер облыс орта­лы­ғының 30-ға жуық тұрғынына қолғабыс етті. Көмекке мұқтаж жандардың арасында жал­ғызбасты қариялар, мүмкіндігі шектеулі жан­дар мен балалары шетел асып кеткен зей­неткерлер бар.

Жергілікті “JE SKO” жасағының сарбазы Ажар Сыздықованың айтуынша, қалада кө­мекке зәру қарттар көп. Дені денсау­лық­тарына байланысты үйдің шаруасын атқара алмайды.

– Көмек қажет ететін тұрғындардың тізімін алып, қарияларымызға қолдан келгенше жәр­демдесіп жатырмыз. Бірінің үйін жинастыр­сақ, екіншісінің бау-бақшасына көкөніс егеміз. Жалғызбасты қарттармен әңгімелесіп, көңіл­дерін көтереміз, – дейді Ажар Сыздықова.

Осы жолы еріктілер Анатолий Плетухиннің үйіне барды. Жастар ауласын қоқыстан та­зартып, бау-бақшаларында көкөніс екті. Қа­рияның жасы тоқсаннан асты. Сондықтан өз күшімен баспананың маңын таза ұстау қиынға соғып отыр. Ал ұл-қыздары отбасын құ­рып, шетел асып кеткен. Пандемияға байла­нысты олардың төбе көрсетпегеніне көп болыпты.

Айнұр АЗБЕК,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің 2-курс студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp