Жақында Алматыда тұғырлы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай “Nur Otan” партиясының ауыспалы кубогі үшін республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған жастар арасында М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің студенттері де болды. Жалпы сайысқа республикамыздың әр өңірінен қазақ, орыс лигаларының 36 командасы қатысты. Жастар турнир барысында қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, өз пікірлерін ортаға салды. Бұл турнир барлық қатысушылар үшін үлкен тәжірибе алаңына айналды. Жастар бір-бірімен тез тіл табысып, кездесу соңы достыққа ұласты. Айтулы жиында өңір намысын қорғаған “Север помнит” фракциясы күміс жүлдегер атанды. Жастар шара соңында ұмытылмас әсерге бөлеген турнир ұйымдастырушыларына өз ризашылықтарын жеткізді.
Айнұр ДОСАН,
М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің 1-курс студенті.