«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАЛҒАЙ АУДАНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық мәслихаттың депутаттары шалғайдағы Уәлиханов ауданында болып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен танысты.

Кішкенекөл №2 орта мектебі – мақтаулы білім ордаларының бірі. Ұстаздар қауымы­ның озық тәжірибелері жоғары бағаланып жүр. Мұнда оқу үрдісі цифрландырылған, осы заманғы технологиялар қолданылады. “Дипломмен – ауылға!” мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқан жергілікті тү­лектер аз емес. Халық қалаулылары мұғалімдермен кездесіп, қандай әлеуметтік жағдайлар жасалғанын сұрастырып білді.

Ауданда Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” бағдарламасының “Бастау” жобасы аясында гранттарға ие болған кәсіпкерлер бар. Солардың бірі – Қайрат Ахметулин өз үйінің ауласында құрылыс блоктарын дайындау цехын ашқан. Жаз мау­сымында сапалы әрі арзан құрылыс материалдарына сұраныс көп.

Депутаттармен кездескен аудан тұрғындары халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысына көңілдері толатынын жеткізді. “Цифрлық Қазақстан” бағдарламасы енгізілгелі онда кезек азайып, істің алға басқаны аңғарылады. Облыстық мәслихаттың депутаты Кенжебай Қашаев аудандағы мектепке дейін­гі балалар мекемесіне байланысты мәселе көтерген болатын. Халық қалаулылары “Күн-шуақ” балабақшасына арнайы барып, ондағы жағдаймен танысты.

Депутаттардың жұмыс сапары облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының көшпелі отырысына жалғасты. Комиссия отырысына аудан әкімі, аудандық мәслихат хатшысы мен депутаттар, “Nur Otan” партиясы аудандық филиалының мүшелері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдері, қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

Қайрат САДЫҚОВ,

облыстық мәслихаттың баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp