«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚОРЫТЫНДЫ КОНЦЕРТ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақан сері атындағы облыстық филармония 56-шы концерттік маусымын жапты. Шығармашы­лық ұжымның қорытынды кон­цертінде күй төгіліп, ән шыр­қалды.

Концертте Сегіз сері атын­да­ғы қазақ халық аспаптары ор­кестрі, “Қызыл жар” музыкалық, “Әл­қисса” фольклорлық ан­самбль­дері өнер көрсетті. Мә­дениет саласының үздіктері Нұр­сұлу Ахметжанованың орын­дауындағы Әсет Бейсеуовтің “Сырласу вальсі” мен Дәмеш Құр­манкина әуелеткен “Сезім сыры” әні тың­дарманның құлақ құры­шын қан­дырды.

“Әдемі-ау”, “Ту­ған жер”, “Мәң­гілік” би ансамбль­дері де өз өнерлерін ортаға са­лып, кө­рер­мендерге көтеріңкі кө­ңіл күй сый­лады. “Sensitive” би ансам­блі­нің “Абай жаны” хорео­гра­фиялық компо­зициясы, дәстүр­лі әнші Еркебұ­лан Қарыпов пен Мұхит Ахме­тов, Любовь Зори­на, Асхат Тау­шев, Бақыт Ілия­сов, Радик Син­тиков, шығарма­шы­лық ұжым­ның қатарына қосылға­нына көп уа­қыт бола қоймаса да, көп­шіліктің қоше­метіне бөленіп жүр­ген “MIAMI” тобының өнер­паздары кештің көркіне ай­налды. Кон­церт­тік маусым “Melomix” тобы­ның орын­да­уындағы “Сары­ар­қа”, Біржан Есжанның “Қы­зыл­жар ұраны” әндерімен қоры­тын­дыланды.

Мырзабай БЕЙСЕНҰЛЫ,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дің 1-курс студенті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp