Қазір мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуде. Биыл емтиханды ұйымдастыруда бірқатар өзгерістер бар. Біріншіден, ҰБТ-ны компьютер арқылы тапсыруда, екіншіден, өтетін орнын, уақыты мен күнін әр үміткердің өз бетінше таңдауына мүмкіндік берілді. Үшіншіден, білім беру грантын тағайындау конкурсына екі рет қатыса алады. Сондай-ақ сынақ мерзімі де өзгертілді. Бұрынғыдай 3 күн емес, 6 мамырдан 30 маусымға дейін 2 айға жалғасады. Өтініштерді қабылдау электронды түрде жүзеге асырылады.
Облыста биыл 3412 түлек мектеп бітірсе, солардың 2452-і тест тапсыруға өтініш берді. Жамбыл ауданындағы Новорыбинка орта мектебінің түлегі, “Алтын белгі” иегері Иван Коваль 130 ұпай жинап, ең жоғары көрсеткішке ие болды.
Әсел ОРАЗБАЕВА,
облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы.