«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңірде биыл 10 сүт фермасы пайдалануға беріледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысын кешенді дамыту бағдарламасы аясында мал шаруашылығына 15 млрд теңге бөлінген. Бұл қаражатқа сүт фермаларын, құс фабрикаларын, жылыжай кешендерін салу сияқты бірқатар жоба жүзеге асырылмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде атқарылған жұмысты қорытындылап, болашаққа жоспарлармен бөлісті.

Өңірде мал шаруашылығын дамытуға басымдық берілмек. СҚО-ны кешенді дамыту бағдарламасы аясында бұл салаға 15 млрд теңге бөлінбекші. Бұл қаражатқа жаңа жобалар жүзеге асырылады. Соның ішінде сүт фермаларының, құс фабрикаларының, жылыжай кешендерінің құрылысы да бар.

«Соңғы үш жылда облыста 12 сүт кешені салынып, пайдалануға берілді. Биыл 8 ауданда тағы осындай 16 ферманың құрылысы жүріп жатыр. Олардың 10-ы биыл қолданысқа енеді. Ал Уәлиханов және Ақжар аудандарында 13 мың қара малға шақталған ірі бордақылау алаңы салынады. Бұдан басқа жылына 6 мың тонна ет өндіретін 2 құс фабрикасының құрылысы басталды», – дейді Марат Тасмағанбетов.

СҚО-дағы қайта өңдеу кәсіпорындары да қайта жетілдіріліп жатыр. «Маслодел» ЖШС екі жаңа желі қосылды. Жақында қаймақ шығаратын жаңа қондырғы іске қосылады. Нәтижесінде кәсіпорынның қуаты артып, жылына 119 мың тоннаға дейін шикізат өңдемек.

Ал «Евразиан Милк» ЖШС-гі сыр мен сүт өндіретін жаңа шетелдік қондырғыны орнатып жатыр. Нәтижесінде кәсіпорын тәулігіне 70 тоннаға дейін шикізатты өңдейтін болады.

«Облыста құс фабрикаларының жұмысы қалпына келтірілді. Жыл басында өңірге 1,3 млн балапан әкелінді. Тағы 700-і жеткізілмек. Нәтижесінде жұмыртқамен облыс 100% қамтылады. Жалпы биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін 4% арттыру межесі қойылған», – дейді СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp