«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 16.06.2021

РОНАЛДУ РЕКОРД ЖАҢАРТТЫ

Футболдан Еуропа біріншілігінің бірінші айналымы аяқтал­ды. “Е” тобындағы Польша мен Словакия матчында Роберт Левандовский бастаған жігіттер фаворит саналғанымен, ойындары ойдағыдай болмай, 1:2 есебімен жеңіліп қалды.

Басымдық – мал шаруашылығында

Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатына қатысқан Жамбыл ауданының әкімі Марат Ескендіров негізгі салаларда атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

ӘКІМДЕР ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт То­қаев биылғы жылдың 24-і ма­мырында “Казахстанская правда” газетінде жарияланған “Заложники рав­нодушия” атты мақалада көтерілген мәселе бойынша тексеру жұмыс­тарын жүргізу жөнінде тапсырма берген болатын. Мақалада Солтүстік Қазақстан облысына оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арнап салынған тұрғын үйлердің сапасы­ның нашарлығы туралы сөз болған еді. Тексеру қорытындысы туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің “Facebook”-тегі парақшасында …

ӘКІМДЕР ҚЫЗМЕТІНЕН БОСАТЫЛДЫ Read More »

ӨНЕРМЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР

Қызылжар өңірі бар саналы ғұмырын өнерге арнап, елдің руханиятына өлшеусіз үлес қосып жүрген ардақты азаматтардан кенде емес. Солардың бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Виктор Шалаев. Облыстық әкімдікте өткен сал­танатты шарада мәдениет саласында абыройлы қызмет етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін кө­ріп отырған режиссердің өне­гелі өмір жолы жайлы айтылды. Петропавл қаласының құрметті азаматын 75 жыл­дық мерейтойымен облыс …

ӨНЕРМЕН ӨРІЛГЕН ӨМІР Read More »

СОЛАҚАЙ САЯСАТТЫҢ ҚҰРБАНДАРЫ

Бүгінгі таңда елімізде саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік комиссия құрылып, өңірлерде арнайы жұмыс топтары іске кірісті. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен алқалы жиында айтылды. Отырысқа облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов пен елордадан келген делегация өкілдері қатысты.

ЖЕР – ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЗЫНАСЫ

Ата Заңымызда азаматтарға жерді жекеменшікке беру құқығы бекітілген. Меншікті пайдалану ұғымы қоғам игілігіне қызмет етуді міндеттейді. Жерді пайдаланудың шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының жер заңнамасымен айқындалған. Жер қатынастары субъектілерінің құқықтарды жүзеге асыруы табиғи ресурс ретінде жерге және қоршаған ортаның өзге де объектілеріне, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірмеуі тиіс.

Судың да сұрауы бар

Қара қазанда бүлкілдеп қайнаған еттің иісі мұрынды жарып барады. Арада көп уақыт өтпей Төлен қарттың алдына жамбас, омыртқа, қазы сияқты кәделі мүшелер салынған үйме табақ ет тартылды. Қыстан қалған соғымның сыбағасынан дәм татқан қарт майлы етті орталай турап, қалғанын ауыз үйдегі жастарға ұсынды. Жұмсақ піскен ет желініп, сорпа ішілген соң дастарқан жиналып, қонақтар тарай бастады.

Отбасын қашан құру қажет?

“Үйлену оңай, үй болу қиын” деп тегін айтылмаса керек. Қа­зақ халқы ежелден жастардың шаңырақ көтеріп, шағын мем­лекетке айналуын маңызды қа­дам ретінде бағалайды. Отба­сын құру – ойланып жасайтын қадам әрі үлкен жауапкершілік. Осынау жауапкершілікті жас­тар қалай сезінеді? Жалпы, қа­шан отбасын құрған жөн? Бұл орайда жастардың арасында сауалнама жүргізген едік.

Дос – ажарың

Осыдан он шақты жыл бұрын зайыбым Алма мен немерем Нұр­жанды ертіп, қасиетті Түркістан қаласында тұратын Әбубәкір деген жолдасыма бардым. Екеу­міз Алматыда С.М.Киров атын­дағы университетте бірге оқы­ғанбыз. Бір үзім нанды бөлісіп же­ген студенттік өмір ешқашан ұмы­тылмайды екен.

ҒАСЫР ЖАСАҒАН ӘЖЕ

“Егіс науқаны қызған шақ. Бейқан дейтін қатал бригадир болатын. Түннің бір уағында әлгі бригадир трактордың суы бітіп қалды деп оятып алып кетті. Қырдағы тракторларды сумен қамтамасыз ету маған жүктелген. Күні-түні өгізбен су тасимын. Баламды бесікке бөледім де, кете бардым. Төңірек құлаққа ұрған танадай жым-жырт. Айналаны қою қараңғылық басқан. Бөшкеге суды толтырып, егіс басына жеткіздім-ау, әйтеуір. …

ҒАСЫР ЖАСАҒАН ӘЖЕ Read More »

Абылай мұражайы – Көкшеде

“Абылай хан резиденциясы” му­зей-кешені Көкшетау қаласында ұлы ханның 310 жылдығына орай “Тәуел­сіздік туын биік көтерген Абылай хан” атты жылжымалы көрме ұйымдас­тырды.

Биыл 2,5 млн көшет отырғызылды

Солтүстік Қазақстан облысының орман шаруашылықтары биыл көктемде 561 га жерге шамамен 2,5 млн қайың мен қарағай отырғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.