Өңірде жоғалған ер адамның денесі төрт күннен кейін Есілден табылды
Солтүстік Қазақстан облысында жоғалған 69 жастағы ер адамның денесі Есіл өзенінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында жоғалған 69 жастағы ер адамның денесі Есіл өзенінен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Коронавирус пандемиясына байланысты өткен жылға жоспарланған Олимпиада ойындары биыл шілденің 24-і мен тамыздың 9-ы аралығында Жапония астанасы Токиода өтеді. Төрт жылда бір келетін байрақты бәсекеде 33 спорт түрінен 339 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бүгіндері ел құрамасы жарысқа қатысуға мүмкіндік беретін 70-ке жуық лицензия жеңіп алды. Жолдамаға қол жеткізгендердің үшеуі солтүстікқазақстандық спортшылар.
Петропавлдағы әскери-техникалық мектепте “Отан – 2020-2021” әскери-спорттық ойындары өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырыла өткізілген жарысқа барлығы 8 команда қатысты.
Елімізде қыркүйек айында жалпыұлттық халық санағы өтеді. Осы орайда өңірімізде санаққа дайындық жұмыстарының бірінші кезеңі басталды. Мамандар үй-үйді аралап, тұрғындар санын нақтылауда.
Ежелден малмен күнелткен ата-бабаларымыз ауа райын болжап, қай жылдары жұт келіп, қыстың қатты болатынын есептеп отырған. Соған сай жайлауы мен қыстауын, жем-азығы мен жайылымын сайлаған. Бірақ отырықшы өмірге көшкеннен кейін табиғи құбылыстарды қадағалап отыратындар азайды. Бұл жұмыс метереологтарға жүктелді. Талай жылдар бойы мамандар ауа райын болжап, диқандарға ғылыми түрде дәлелденген, зерттелген мәліметтерді ұсынып келеді.
Сталиндік қанқұйлы қуғын-сүргін жайлы ойлаудың өзі қорқынышты. Арада қанша уақыт өтіп, қанша ұрпақ алмасса да, қанды іздері әлі күнге дейін сайрап жатыр. Халқымызды қынадай қырған зұлмат заманның табы Жалтыр ауылын да айналып өткен жоқ. Қаншама қарапайым адамдардың нақақтан-нақақ күйіп кеткенін үлкендер айтып отыратын. Солардың бірі – Шақан Жапаров еді. Ол “Октябрь” ұжымшарында мал бригадирі қызметін …
ЖАЗЫҚСЫЗ ЖАЗАЛЫ БОЛҒАН Қабдолла ақсақалдың қилы тағдыры Read More »
Кез келген адам дәрігер бола алмайды. Өйткені қастерлі мамандық батылдықты, жауапкершілікті, біліктілікті талап етеді. Ал күн сайын аурумен бетпе-бет келіп, адам өмірін арашалауда ақ халатты абзал жандардың еңбегі ерлікке пара-пар. Бұл орайда қаншама адамға өмір сыйлап, үміт сәулесін жаққан, антына адал Ерлан Ғалымов сынды білікті дәрігерлер мақтауға лайық.
Ардақты ақ халатты абзал жандар! Сіздерді облысымыздың аға буын өкілдері атынан кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Біздің дәрігерлер өз істеріне тиянақты, жылы сөздерімен, ізгі лебіздерімен адам жанын жадыратады.
Бүгіндері барша әлем жұртшылығы осынау мәртебелі мамандық иелерінің көмегіне мұқтаж болып отыр. Себебі жер жаһанды жайлаған коронавирус дерті күннен-күнге үдеп, сан мыңдаған адамның өмірін жалмады. Қарусыз майданда алдыңғы шепте адам жанының арашашысы болып жүргендердің еңбегі орасан.
Облыстық мәслихат депутаттары жұмыс сапарымен Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда болып, әлеуметтік нысандар құрылысымен, мектептердің, жолдардың жөнделуі, үйлерге су тарту жұмыстарының барысымен танысты.
Адам өмірін ажал аузынан арашалау үшін қауіпті індетпен күн-түн демей күресіп жүрген дәрігерлерге қандай құрмет көрсетілсе де көптік етпейді. Өңір басшысы Құмар Ақсақалов Медицина қызметкері күніне орай облыстық әкімдікте өткен салтанатты шара барысында дәрігерлердің еңбегін жоғары бағалап, сый-сияпат көрсетті.
Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының ұжымы көрерменге “Қарапайым адам” спектаклін ұсынды. Аталмыш туынды серб жазушысы, драматург Бранислав Нушичтың “Обыкновенный человек” пьесасының желісі негізінде жазылған. Премьераның қоюшы режиссері – Тәжікстанның еңбек сіңірген қайраткері Барзу Абдураззаков.
Былтыр құс тұмауы елімізді дүрбелеңге салғаны белгілі. Өңірде 900 мыңнан астам құс қырылып қалған еді. Оның 800 мыңнан астамы құс фабрикаларына тиесілі, қалғаны жеке меншіктікі болатын.
Үстіміздегі жыл елімізде балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы болып бекітілгені белгілі. Осыған орай жергілікті кітапханалар мен мектептерде түрлі жұмыстар атқарылуда. Солардың бірі Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында ұйымдастырылды.
Қазақстан егемен ел атанып, дербес мемлекет құрғанына биыл 30 жыл толады. Оның бір жемісі – тарихи жер-су атауларының қайта жаңғыруы. Солардың бірін Шал ақын ауданынан айқын аңғаруға болады. Кеңес өкіметі кезінде Сергеев ауданы атанса, 1999 жылдың желтоқсанында әділдік үстемдік құрып, ақын әрі батыр Тілеуке Құлекеұлының ардақты аты ұлықталды. Өңіріміздегі өзге де өңірлер секілді бұл аудан …
Шал ақын ауданындағы беткеұстар ауылдардың бірі – Мерген. Кезінде бір кеңшардың бөлімшесі болған ат төбеліндей ғана елді мекен бүгіндері адам танымастай өзгерді. Кеңес өкіметі кезінде салынған үйлердің басым бөлігі бұзылып, жаңалары бой көтеруде. Бұл жаңашылдыққа жақында ауылға жолымыз түскенде өзіміз де куә болдық. Сұрықсыз үйлердің орнына салынған жайлы баспаналар көз қуантып қана қоймай, осы ауыл …
Темірзақ Битабар 2019 жылы Сергеевка қаласына Түркістан облысынан көшіп келді. Іскер азамат келе сала өз кәсібін ашқан. Ең алдымен өзі секілді қоныс аударушыларға арнап үй салуды бастады. Жерлестерін баспанамен қамтып, өзі де, өзгені де қуанышқа кенелтті. Ең бастысы, ешкімге алақан жайған жоқ. Екі баласы да студент, Нұр-Сұлтан қаласында білім алып жүр.
Соңғы жылдары Солтүстік Қазақстан облысында құрылыстың қарқын алғанына куә болып жүрміз. Бұрындары облыс орталығында ғана көпқабатты үйлер бой көтерсе, бүгіндері аудан орталықтарында да мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана тұрғызылып, елді мекендердің ажарын кіргізуде. Бұл үрдістен Шал ақын ауданы да шет қалған жоқ. Соңғы 2 жылда аудан бойынша “Еңбек” бағдарламасы аясында 83 үй тұрғызылса, биыл тағы 56-сының …
Ауданның Шал ақын атын иемденуі тегін емес екенін жергілікті жұртшылық жақсы біледі. Қазақ тарихында өзінің орнын ойып тұрып алған, артында мол мұра қалдырған Тілеуке Құлекеұлының 15 жасар бозбала күнінен “шал” атануы бойындағы жалындаған жігері мен асқақ талантының арқасы.
Солтүстік Қазақстан облысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында бес ай ішінде 163 млн жуық теңгеге оңалту қызметі көрсетілсе, 266,1 млн теңге сомасына 5 939 адам тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.