Солтүстік Қазақстан облысында Есіл ауданына жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Есіл ауданының әкімі болып Медет Оспанов тағайындалды. Бұл ауданның бұрынғы әкімі оңтүстік өңірлерден көшіп келушілерге арналған үйлердің сапасыз салынуына байланысты орнынан алынған еді.
Медет Дулатұлы 1985 жылы 20 сәуiрде СҚО Шал ақын ауданы Жаңасу ауылында дүниеге келген.
М. Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiн «Тарих, экономика және құқық негiздерi» мамандығы бойынша, Қазақстан-Ресей университетiн «Экономика» мамандығы бойынша бiтiрген.
Еңбек жолын 2006 жылы Петропавлдағы «Әл-Фараби атындағы №18 қазақ орта мектеп-лицейi» КМУ тарих мұғалiмi болып бастады.
2007 жылы «Солтүстiк Қазақстан облысының iшкi саясат департаментi» ММ бас маманы болды.
2007-2011 жылдар аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмi орынбасарының көмекшiсi болып еңбек етті.
2011-2014 жылдар аралығында Шал ақын ауданы әкiмi аппаратының басшысы болса, 2015-2017 жылдары Тайынша ауданы әкiмi аппаратының басшысы, әкімнің ауыл шаруашылығы және кәсiпкерлiк мәселелер жөнiндегi орынбасары лауазымында еңбек етті.
2017-2020 аралығында Уәлиханов ауданын басқарса, Есіл ауданы әкімі болғанға дейін СҚО әкiмдiгiнiң кәсiпкерлiк және индустриялы-инновациялық даму басқармасының басшысы болды.
https://www.inform.kz/