«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өңір тұрғыны мас күйде танысының көлігін айдап әкеткен

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны мас күйде танысының көлігін мініп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Аққайың ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері Смирнов елді мекенін патрульдеу барысында көшеде «Volkswagen Passat» автокөлігін байқайды. Полицейлерді көрген жүргізуші көлік шамдарын сөндіріп, үй ауларының бірінде жасырынуға тырысқан. 34 жастағы жергілікті тұрғын рульге мас күйде отырған, оны медициналық куәландыру растады.

Тексеру барысында «Volkswagen» автокөлігі оның танысынікі болып шықты. Көлік иесі спирттік ішімдік ішкен соң, машинаға отырмай, оны аулаға қалдырып кеткен. Ал мас досы көлікпен «серуендемекші» болған.

Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу» бабы бойынша енгізілді.

«Ер адам мас күйде көлік басқарғаны үшін әкімшілік сотпен 15 тәулікке қамалды және 7 жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Мас жүргізушілерді анықтап, олардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Жалпы жыл басынан ауданда көлікті мас күйде басқарғаны үшін 22 адам ұсталды», – дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Сапаров.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp