«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Балаларына берешек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғани Нығыметовтың төрағалығымен борышкерлерден алимент өндіру мәселесі жиын өтті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, облыста сот орындаушылардың орындауында жалпы берешек сомасы 400 млн теңгеден асатын 6 мыңнан астам өндіріс бар.

СҚО әкімінің орынбасары Ғани Нығыметовтың төрағалығымен өткен жұмыс кеңесіне барлық мүдделі орган өкілдері қатысты.

Жеке сот орындаушылары палатасы төрағасының орынбасары Арман Құсановтың айтуынша, бүгінде өңірдің жеке сот орындаушыларының орындауындағы істердің 3807-сі мерзімінде орындалады. Ал 243-і проблемалық өндірістерге жатады, олар бойынша берешек сомасы 400 055 336 теңгені құрайды.

Жеке сот орындаушылары, жергілікті атқарушы және ішкі істер органдары тарапынан мақсатты және әдістемелік жұмыс нәтижесінде алимент бойынша проблемалық істер саны былтырғы 771-ден биыл 243-ке дейін төмендетілді. Алименттік төлемдер бойынша берешек 1 млрд теңгеден 400 млн теңгеге дейін азайды. ⠀

Жеке сот орындаушыларының ұсынысы бойынша 68 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 29 борышкер әкімшілік қамауға алынды, 39 борышкерге айыппұл салынды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp