«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Құстарға вакцина салынуда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында жабайы құстардан құс тұмауы анықталып, ауру таралмауы үшін алдын алу жұмысы атқарылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6 маусым күні Айыртау ауданындағы Саумалкөл көлінің жағасынан 102 дала үйрегі мен 2 шағаланың өлексесі табылды.

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласындағы ветеринария бойынша референт орталығы құстардың құс тұмауынан өлгенін анықтаған.

«Құс өлекселері жинап алынып, өртелді. Эпизоотикалық жағдайды бақылауда ұстау үшін ветеринарлық қызмет пен қалған тиісті органдар су қоймаларына күнделікті мониторинг жүргізіп жатыр. Аңшылар мен тұрғындар ескертілді. Әзірге құстардың қырылуының жаңа жағдайлары тіркелген жоқ», – дейді басқарма мамандары.

Жабайы құстардан ауруды жұқтырмау үшін Саумалкөл көлінің маңындағы елді мекендердің үй құстарына алдын алу вакцинасы қойылып жатыр.

Бүгінге дейін Саумалкөл және Красногорка ауылдарында 7 600 құсқа екпе егілді. Жалпы облыста 478 200 құс вакцинациядан өтті.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp