Солтүстік Қазақстан облысында жедел жәрдем мен жеңіл көлік соқтығысты. Үш адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға бүгін сағат 5.20 шамасында Қызылжар ауданы Петерфельд елді мекенінің маңында болған. Жолда Петропавлға бара жатқан жедел жәрдем мен «Ауди» көлігі соқтығысты. Салдарынан арнайы көліктегі бір жолаушы мен жеңіл көліктегі екі адам жарақаттанды. «Аудиде» болған Мамлютка қаласының тұрғыны, 58 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылды. Жедел жәрдемдегі 28 жастағы жүкті келіншек те медициналық мекемеге жеткізілді. Арнайы көлік оны перинаталдық орталыққа апара жатқан.
Қазір оқиға орнында Қызылжар ауданы полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жұмыс істеуде. Сотқа дейінгі тергеу барысында тәртіп сақшылары істің мән-жайын анықтайтын болады. Тиісті сараптамалар өткізілмек.
https://www.inform.kz/