«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 03.07.2021

ЗАҢСЫЗ ЖҰМЫСҚА АЛҒАН

Солтүстік Қазақстан облысында 32 тұрғын шетелдіктерді заңсыз жұмысқа алғаны үшін айыппұл төледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кестелі жырдың жүйрігі

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебеп кітапханада “Жыр жүйрігі” деген атпен өткен еске алу кеші жерлесіміз, белгілі ақын, журналист Зейнолла Әкімжановтың туғанына 70 жыл толуына арналып, оған марқұмның зайыбы, балалары, замандастары мен әріптестері, зиялы қауым өкілдері және жастар қатысты.

ЖАЙЛЫ ТҰРМЫС, ЖАЙДАРЫ КӨҢІЛ

Журналистер арнайы жұмыс сапарымен Жамбыл ауданында болып, “Оңтүстіктен – Солтүстікке” мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысымен таныстық. Ол жайлы аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы Самал Кариева айтып берді.

Шектеулер енгізілмек

Шілденің 1-і күні облыста 27 тұр­ғынның қауіпті дертке шал­дық­қаны белгілі болды. Жалпы пан­демия басталғалы коронави­рус инфекциясын 15315 адам жұқ­тырды. Бұл жайында орталық ком­муникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз кон­ференциясында айтылды.

АЗАМАТ ЕДІ АРДАҚТЫ

Жан досым, сен осылай кел­местің кемесіне аяқ іліп, асығыс кетіп қалады деп кім ойлаған?! Гүлнәрдің, өзіңмен жарты ға­сыр­дай бірге ғұмыр кешкен Гүлнәрің­нің “Таңсықтан айырылдық!” де­ген сөздерін естігенде төбемнен жай түскендей есеңгіреп қалдым. Содан бері күндер, айлар, жыл өтті. Есімді жаңа-жаңа жия баста­ған сияқтымын.

Нағыз қазақ – домбыра

“Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – дом­бы­ра!”, – деп ақын Қадыр Мырза-Әлі жырлағандай, домбыра – қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл бітім-болмысы, көненің көзі, бабадан қалған асыл мирас. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылы шілденің бірінші жексенбісін Домбыра күні ретінде атап өту туралы шешім қа­былдады. Содан …

Нағыз қазақ – домбыра Read More »

Ұлыларды ұлықтау – ұрпаққа ұлағат

Өткен тарихты бұрмалау, елдің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғаған хас батырлардың ерен ерліктерін халық жадынан ұмыттыру кеңестік заманның құйтырқы саясаты болатын. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында өлкетанушылар, тарихшылар ел аралап, көздің майын тауыса отырып жинастырған құнды материалдардың көбі жарық көрмей қолжазба күйінде қалды. Әр өлкенің суықта пана, ыстықта сая болған, есімі ел есінде сақталған біртуар перзенттерін өскелең …

Ұлыларды ұлықтау – ұрпаққа ұлағат Read More »

МЕДИЦИНАЛЫҚ ОҢАЛТУДАН ҚАЛАЙ ӨТУГЕ БОЛАДЫ?

“Әлеуметтік санаттағы аурумен ауыратын науқастарға оңалтудан өтуге бола ма?” Әсем ҚҰРМАНОВА, Петропавл қаласының тұрғыны. Оқырманымыздың бұл сауалына әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының бөлім басшысы Қарлығаш Ілиясова жауап береді.