«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Күзге дейін 92 CLAAS комбайны құрастырылады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов орталық коммуникациялар қызметіне өткен баспасөз конференциясында CLAAS трансұлттық компаниясының инвстициялық жобасы қандай шарттар аясында іске асатынын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің өңірдегі ауыл шаруашылығы техникасының қатты ескіруі – ең өзекті мәселе болып отыр. Диқандар тұқымды уақтылы сеуіп, дер кезінде ора алмайтындай жағдайға жеткен. Сондықтан алдымызда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді сапалы, тиімділігі жоғары, ең бастысы бағасы қолжетімді техникамен қамту міндеті тұр. CLAAS компаниясымен екі жылдай келіссөз жүргіздік», – деді облыс басшысы.

Әкімнің айтуынша, германиялық концерн өкілдері 21 маусымда ғана арнайы инвестициялық келісімшартқа қол қойған.

«Ол құжат компания біздегі кешенге өндірісті тұтас енгізуге міндеттеледі. Олар өздеріне сондай міндет алып отыр. Егер өндірісті тұтастандырмаса, инвестор ретінде біздің мемлекет ұсынатын барлық жеңілдіктерді мемлекетке қайтарады. Яғни, бүгін олардың арнайы инвестициялық келісімшартқа қол қоюы арқасында комбайндар мен тұқым себетін тракторлардың бағасы кем дегенде 42 пайыз арзандайды. Жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін пайдалансақ, 52 пайызға дейін арзандатуға болады. Бұл біз үшін өте маңызды. Біз биыл орақ науқанына дейін 92 комбайн құрап шығаруымыз керек», – деді Құмар Ақсақалов.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp