«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

300 АУЫЛ ЖАҢАРАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Биыл Солтүстік Қазақстан облысының 115 ауылын жаңғыртуға 17 млрд теңге жұмсалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов алдағы бес жылда өңір ауылдарын дамытуға қомақты қаражат бөлінетінін жеткізді.

«Өткен жылмен салыстырғанда облыс қазынасы 25%-ға, яғни 323 млрд теңгеден 406 млрд теңгеге дейін өсті. Жалпы 5 жыл ішінде біздің өңір 500 млрд теңге көлемінде елеулі мөлшерде қолдауға ие болады. Ол ақша түрлі салаларға жұмсалады. Бірақ мақсат жалғыз – солтүстікқазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру. Бұл әсіресе ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасына қатысты. Өңірдің 300 ауылын жаңартуға үлкен қаражат жұмсамақпыз», – деді өңір басшысы.

Құмар Ақсақаловтың айтуынша, биылдың өзінде 100-ден астам ауылда медициналық нысандар мен жолдар, инженерлік инфрақұрылым жөндеуден өтпек.

«Биыл 115 ауылды жаңғыртуға 17 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Ауылдарда мектептер, балабақшалар, дәрігерлік амбулаториялар, кентішілік жолдар мен сумен жабдықтау желілері күрделі жөндеуден өтеді», – деді әкім.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp