«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

700 ЕСКІ ҮЙ БҰЗЫЛАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда ескірген жер үйлерді күреп тастау биыл да жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Орталық коммуникациялар қызметінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов осылай мәлім етті.

«Өңірде жаңа тұрғын үйлердің құрылысы жақсы қарқын алып келеді. 2017-2020 жылдар аралығында облыс бойынша 1 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы жылдар ішінде 10 мыңнан астам жаңа пәтер салынып, 35 мың солтүстікқазақстандық баспаналы болды», – дейді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, былтыр 3,3 мың пәтер қолданысқа берілген. Биыл бұл салаға бөлінетін қаражат көлемі 50 пайызға артып отыр.

«Биыл бұл іске 27 млрд теңге бөлініп отыр. 2020 жылмен салыстырғанда 18 млрд теңгеге немесе 50% көп. Бұл бізге 3,5 мың пәтер салуға мүмкіндік береді. Яғни, өңірдің 12 мыңнан астам тұрғыны қоныс тойын тойлайды. Қазір облыс орталығында 46 көппәтерлі үй салынып жатыр. Оның 18-і жеке құрылыс салушыларға тиесілі. 2021 жылы 28 көпқабатты үйді қолданысқа береміз», – деген Құмар Ақсақалов.

Оның айтуынша, биыл Петропавлда 700 ескі жер үй күреледі. Есесіне кешенді жоспар аясында алдағы 5 жыл ішінде 2,3 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Бұл 21 мыңнан астам пәтер деген сөз.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp