«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Cүт өндірісінің көлемін 1 млн тоннаға жеткізбекші

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысының өкімдігі сүт өндірісінің көлемін жылына 1 млн тоннаға жеткізбекші, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференцияында айтты.

«Елімізде соңғы үш жылда 32 өнеркәсіптік сүт кешені қолданысқа енгізілді. Тек Солтүстік Қазақстан облысында ғана 12 кешен ашылды. Яғни, әрбір үшінші ферма біздің облыста салынған. Биылдың өзінде 16 кешен салып жатырмыз. Жыл аяғына дейін соның онын іске қосамыз. Жыл сайын 10-15 осындай ферманы іске қосып отырамыз. Барлығы кем дегенде 52 тауарлы-сүт фермасын салу жоспарланған», – деген аймақ басшысы талған нысандар 64 елді мекеннің айналасынан салынатынын жеткізді.

«Бұл нысандар облыстың 64 ауылының маңайынан бой көтереді. Бұл – екі мыңнан астам ауыл тұрғыны жыл он екі ай жұмыспен қамтылады деген сөз. Осы жобалардың арқасында сүт өндірісінің көлемін 598 мың литрден 1 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланған. Әр қазақстандық жыл сайын 340 литр сүт тұтынатынын ескерсек, біздің облыс бүгінде шамамен 1 млн 700 мың адамды сүтпен қатамасыз етіп отыр», – деді Құмар Ақсақалов.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp