«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ауыл көшесіне — ақын есімі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тайынша ауданындағы Аймақ ауылының бір көшесіне ақын, сазгер Тыныштық Шаменовтің есімі берілді.

Тыныштық Шаменовтің аты Аймақ ауылы тұрғындарының арасында ерекше ілтипатпен аталады. Ақынның “Аймағым – атамекенім” атты әні ауылдың әнұранына айналғандай. Елді мекенде өтетін кез келген іс-шара шымылдығы:

“Аймағым, менің Аймағым,

Жап-жасыл орман жан-жағың,

Жаныңнан сенің өткенде,

Оралар ойға жас шағым!..”, – деген шумақпен ашылады.

Жергілікті тұрғындар ауылдағы бір көшені ақын есімімен атау туралы бастаманы бұдан бірнеше жыл бұрын көтерген болатын. Таяуда игі іс жүзеге асып, ауылда салтанатты іс-шара өтті. Амандық ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Болат Қуандықұлы ақынның шығармашылығына тоқталып, Тыныштық Шаменовтей ел азаматының ғибратты ғұмыры мен өнегелі өмірі өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге екендігін айтты. Жиында ақынның жары Сәбира Жаныбайқызы, ұлы Сағынай Тыныштықұлы да сөз сөйлеп, жиналған қауымға ақжарма тілектерін білдірді.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp