Солтүстік Қазақстан облысында екі ауданда бір мың га астам дала өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлға қалың түтін көрші Ресейден жеткен.
Қазіргі уақытта Қорған облысында өрт сөндірушілер 16 орман өртімен күресіп жатыр, олардың үшеуі СҚО-мен шекарада орналасқан.
Бұдан басқа өңірдің екі ауданында дала өртеніп жатыр.
Уәлиханов ауданының Аққұдық ауылының маңында 400 га аумақта өрт шықты. Тайынша ауданының Талдыкөл ауылының маңында 630 га дала өртеніп жатыр.
Тілсіз жаумен күреске жергілікті атқарушы органдар, өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамы, ерікті өрт сөндіру құрылымдары мен жергілікті халық жұмылдырылған.
13 техника мен жеке құрамның 30 маманы жұмыс істеп жатыр.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Жағдайды СҚО ТЖД мен облыстық әкімдік бақылауда ұстап отыр.
https://www.inform.kz/