Ұлттық домбыра күніне орай С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада есімі өңірімізге белгілі күйші, ұстаз Серікбай Құсайыновтың “Күй – құдірет, күй – өмір” атты кітабының тұсаукесері өтті.
Автор бұл туындысы арқылы қазақ күй өнерінің өткені мен бүгінгісін паш етуді, бабалар мұрасын қайта жаңғыртып, халқымыздың төл мәдениетін жас ұрпаққа жеткізуді көздеген. Мұны жиынға қатысқан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанкелді Тәжин, Серікбай Құсайыновтың шәкірттері – Мейрам Сексенбаев пен Аманкелді Рамазанов дәттей түсті. Шараның ұйымдастырылуына ұйытқы болған облыстық халық шығармашылығы және мәдени-бос уақыт қызметі орталығының директоры Жанболат Мұқанов “Күй – құдірет, күй – өмір” кітабының мазмұнына тоқталып, оның ұлттық өнерімізді, дәстүрімізді дамытуға үлес қосатын туынды екенін атап өтті.
Рабиға ЕРАЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.