СҚО-да 21 жастағы жүргізуші жаяу жүргінші әйелді қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz ресурсына сілтеме жасап.
2 шілде күні сағат 23:40-та 102-нің жедел каналына куәгерлердің бірінен Куйбышевская роща көшесінің 2-ші жолының қиылысындағы айналып өтетін жолда «Южный» шекара жүйесінің стационарлық бақылау-өткізу пунктіне жетпей, Audi маркалы транспорттық құралын мінген жүргізуші жаяу жүргіншіні басып кеткен.
Оқиға орнына сол мезетте полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем дәрігерлері жетті.
Оқиға орнына жеткен кезде Қызылжар ауданының 21 жастағы жүргізушісі Audi маркалы автокөлігін басқару кезінде 29 жастағы қала тұрғынын басып кеткені анықталды.
Жол апаты салдарынан әйел медицина қызметкерлері келмей тұрып көз жұмған.
Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 1-бөлімі 345-бабына сай соталды тергеу басталды. Барлық керекті сараптамалар тағайындалды.
https://www.inform.kz/