«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Өркендеу жолы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Левин” жеке кәсіпкерлігі – Қызылжар ауданындағы іргелі кәсіпорындардың бірі. Жиhаз жасайтын мекеме – Тәуелсіздіктің түйдей құрдасы. Егеменді елмен бірге өсіп-өркендеу жолынан өткен кәсіпкерлік нысанында осы уақытқа дейін мыңдаған сапалы жиhаз шығарылып, өнімдері түрлі байқаулардың жеңімпазы атанды.

Отыз жылы бойы біз елімізбен бірге дамып келеміз. Бұл қиындықтар мен қуанышқа толы ұзақ жол. 1991 жылы шағын ғана ағаш цехын ашқанбыз. Кейін аудан орталығында жеке кәсіпкерлік құрып, төрт жұмысшымен қайың діңінен жиhаз дайындауға ден қойдық. Сол жылдар түрлі сынақтарға толы болса да өзіміздің жеке ісімізді бастауға деген құлшынысымыз зор еді.

Отыз жылда біздің кәсіпорын жұмысшыларының саны 100-ге жетті. Жыл сайын жаңа технологияларды меңгеріп, өндіріске қосамыз. Жеткен жетістіктеріміздің қорытындысын шығаруға әлі ерте. Өйткені сапалы бұйым шығару үшін әлі де дами түсу қажет. Мақтан ететін дүние – “Үздік отандық өндіруші” деген атаққа ие болдық. Жыл сайын кәсіпкерлердің арасындағы түрлі байқауларға қатысып, “Қазақстанның үздік тауары” номинациясын жеңіп алдық.

Сындарлы жолды сүрінбей өткеніміздің бір себебі – мемлекеттің орасан қолдауы дер едім. Сол себепті кәсіпкер ретінде бізге көрсетілген қолдауды сезініп, елімізді гүлдендіруге, халқымыздың тұрмысын жақсартуға барынша үлес қосып келеміз.

Елена ЛЕВИНА,

“Левин” жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp