«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сот саласындағы жаңашылдық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үстіміздегі жылғы 1 шілдеден бастап жаңа Әкімшілік рәсімдік процесстік кодекс қолданысқа енгізілді. Енді лауазымды адамдар азаматтардың өтініштерін аяқсыз қалдырып, тиісті шешім қабылдамаса, сот алдында жауап беретін болады. Бұл үдеріс мемлекеттік органдардың өтініштерді қарау, оларға қатысты шешімдер шығару жұмысын жетілдіріп, лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін арттырады.

Тұрғындар бұдан былай сотқа қажетті дәлелдемелерді жинау үшін мемлекеттік органдар табалдырығын тоздырмайды. Сот ісін қарауға өтініш берсе, жеткілікті.

“Өтініш дұрыс толтырылмаған жағдайдың өзінде сот органдары атына шағым түскен мемлекеттік органдардың жұмысын тексеріп, жауапқа тарта алады. Сот өтініш иесіне дәлелдер ұсыну талабын қоймайды. Тиісті құжаттарды жауап беруші орган әзірлейді. Мемлекеттік органдардың кінәсі дәлелденсе, жауапты лауазымды тұлғаларға айыппұл салу қарастырылған”,– дейді облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Серікбол Сапарғалиев.

Динара ТӨЛЕҢГІТОВА,

облыстық соттың баспасөз хатшысы.

СУРЕТТЕ: мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Б.Мұстафин судьялармен кезекті істі қарастыру үстінде.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp