«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАНАШЫР ЖАСТАР

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Аптап ыстықта қызылжарлықтар өзен-көлдердің жағасы­нан сая іздейді. Бір өкінерлігі – айналасына қоқыс тастап, жағалауды жағаұстатарлық жағдайда қалдыратын адамдар бар. Сол себепті Петропавлдың ерікті жастары Пестрое көлінің жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазартты.

“Қоғамдық даму және ақпарат орталығы” коммуналдық мемле­кеттік мекемесінің жастар бастамалары бөлімі эковолонтерлікке зор мән беріп отыр. “Өскелең ұр­пақты табиғатты көздің қарашығындай күтіп ұстауға жұмылдыру – күн тәртібіндегі маңызды жұмыстарымыздың бірі. Мысалы, өткен жылы облыста қоршаған ортаны таза ұстау мақсатында 350 сенбілік, 257 рейд өткізіліп, 5,5 тонна қоқыс жиналды. Әсіресе жастар Есіл өзені мен Пестрое көлінің жағалауларында жиі болып, айналаның ластанбауын бақылады. Сондай-ақ былтыр “Biz birgemiz!” акциясы аясында 400 аула қар мен қалдықтардан тазартылды”, – дейді эковолонтер Анастасия Волкова.

Мұхтар ХАҚНАЗАР.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp