«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тұрғын үй өртеніп, бір әйелді күйік шалды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда екі пәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, 54 жастағы әйелді күйік шалды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға 9 шілде күні болған. 101 қызметіне Петропавлдағы 1-Линия, 22 мекен жайындағы екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шыққандығы жөнінде хабарлама сағат 14.22-де түседі.

Өрт сөндірушілер келгенде үйдің 8 шаршы метр болатын кіреберіс дәлізі лапылдап жанып жатқан. Жалын шамамен жарты сағаттың ішінде сөндірілді. Дәліз толық жанып кетті. Алдын ала болжам бойынша, өрт дұрыс сөндірілмеген темекі тұқылынан шығуы мүмкін.

Баспана жалға беріліп келген екен. Жалға алушы – 1967 жылғы әйел күйік алды, сондай-ақ иіс тиген екен. Ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp