«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жүз гектарды жалмады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

11 шілде күні Айыртау ауданында кепкен шөп өртеніп, 100 гектар аумақ жанып кетті.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі депарменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс оқиға жайлы хабар өрт сөндіру бөлімінің “101” нөміріне түске таман келіп түсті. Белгілі болғандай, Имантау ауылынан 5 шақырым жерде тұтанған жалын жақын маңдағы Қарауылтөбе орман шаруашылығының аумағына жетіп, қайың, қарағай ағаштарын шарпыды. Тілсіз жауды ауыздықтауға департаменттің жедел құрылымдары тартылды. Шамамен 114 адам мен 16 техника және тікұшақ жұмылдырылды. Сондай-ақ көмекке “Көкшетау” мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Арықбалық, Шалқар филиалдары, “Лобаново”, “Құзахмет” және “Дзауров” шаруа қожалықтарының жұмысшылары мен жергілікті тұрғындар тартылды.

Жедел әрекет етудің арқасында жалын табиғи парк аумағына таралмай, өрт бес сағаттың ішінде сөндірілді. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Алдын ала есеп бойынша 100 гектар жер жанып кетті. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp