«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда су шаруашылығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын институт ашылды. Шараға облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев қатысты.

Жалпы республика бойынша су шаруашылығы мамандарының жетіспеушілігі мәселесі өзекті болып отыр. Бұл Қызылжар өңіріне де тән. Жұмысшы табылған күннің өзінде олардың біліктіліктерін арттыратын оқу орындары жоқтың қасы. Сондықтан Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осы олқылықтың орнын толтыру үшір арнайы институт ашуды қолға алған болатын.

– 2025 жылға дейін облыс тұрғындарын таза ауызсумен қамтуды 98 пайызға жеткізу жоспарлануда. Оны орындау үшін білікті мамандардың қажет екендігі даусыз. Сондықтан бұл институттың маңызы зор, – деді облыс әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев.

Алдағы уақытта институттың инженерлері мен басқа да жұмысшылары 36 және 72 сағаттық арнайы курстарға қатысып, кәсіби біліктіліктерін арттырады.

– Мұндай курстарға он адамнан жіберілді. Біз болашақта аптасына 22 адамнан оқытуды жоспарлап отырмыз. Үстіміздегі жылғы қарашаға дейін 230 маман даярланбақ, – дейді “Таза су” біліктілікті арттыру институтының директоры Евгений Кендюх.

Бұл оқу орнының Петропавлда ашылуы тегін емес. Өйткені су магистралінің ұзындығы бойынша өңіріміз еліміз бойынша бірінші орында, жалпы облыста 3 мың шақырымнан астам су құбырлары тартылған. Бұған қоса өңірдің өндірістік базасы да қуатты.

“Есіл су” кәсіпорны қазіргі таңда Жамбыл облысындағы Дулати мемлекеттік университетімен тығыз қарым-қатынаста. Екі жақты келісім бойынша білім ордасының оқытушылары мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында арнайы дәрістер өткізеді.

Сағындық МАУҒАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp