«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сиқырлы сақина

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ертеде ханның қызы болыпты. Оның арманы – сиқырлы сақина екен. Бір күні әкесі қызына арман­даған сиқырлы сақинасын алып келедi. Қызы шексiз қуанады. Са­қинаны қолына таққаны сол еді, ол әп-сәтте әп-әдемі ханшайым­ға айналады. Айнадан өзіне таң­ғалған ол бұл ғажап өзгерісті өз­гелерге көрсетуге асығады. Сөй­тіп ұлан-асыр той жасайды. Ар­ма­нына жеткен ханшайым асқақ сезiммен әкесіне өтінішін ай­тады:

– Әке, мен енді бай, бақуатты, сымбатты ханзадаға тұрмысқа шығуым керек.

– Жарайды, – деп әкесі қызын өзі қалаған ханзадаға тұрмысқа береді.

Күндердің күнінде ханзада хан­шайымға:

– Сенiң сиқырлы сақинаң бар ғой, оған тiлегiңдi айтсаң, орын­да­лады, – деп рух береді. Хан­шайым бірден келісіп: “Бұл жолы ата-анамыздың арманын орын­дасақ қайтеді? Олардың бар арманы – немере сүю” – дейді.

Тілегі орындалып, дүниеге ше­кесі торсықтай ұл келеді. Ата-анасының да, ханзаданың да төбесі көкке жетіп қуанады. Ара­да бірнеше күн өткеннен кейін ханшайым ханзададан: “Не қа­лай­сың?” – деп сұрайды. Хан­зада ұзақ ойланып: “Тұлпар қа­жет”, – дейді. Ханшайым жан жа­рының дүниенің небір байлық­тарының орнына қарапайым тұл­пар сұрағанына ренжиді. Сонда ханзада: “Біздің қаламызда киер киімге, ішер тамаққа зар болып жүрген адамдар қаншама? Сон­дықтан да әр адам қолында барына шүкір айтуы керек. Сонда ғана несібеміз арта түседі”, – дейді.

Содан бастап хан қызы жоқ-жітіктерге тамақ пен киім-кешек таратып беретін болады. Өз ұлына да өзгелерге қарайласуды үйретеді.

Айтолқын Өмірбай.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp