«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үнді штамынан қорғаныңыз

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үндістанда пайда болған коронавирустың “Дельта” штамы әлемнің бір жүзден астам елінде анықталып отыр. Ұлыбританияда ауырғандардың 99 пайызында осы дерт белгілері бар, ресейлік әріптестеріміз де анықталған инфекциялардың 90 пайызы “Дельта” деп отыр.

Үнді штамын жұқтырған кезде науқастың буындары мен іші қатты ауырып, жүрегі айнып, құсуы мүмкін және бұл дерт аяқ-қолда қанның ұйып қалуына әкелуі ықтимал. Сонымен қатар есту қабілетінің нашарлауы да осы штамға тән. Негізгі симптомдар суық тиген кездегі белгілерге ұқсайды – бас ауыруы, тамақтың ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі. Науқастың иіс сезуі нашарламауы мүмкін және бастапқыда оның жағдайы кәдімгі тұмауға ұқсас болады. Суық тиюдің алғашқы белгілері пайда болғаннан-ақ тез арада оқшауланып, дәрігер шақыру керек. Себебі жаңа штамм тез асқынады және аса қауіпті. Инкубациялық кезеңі 7 күнге созылады.

Коронавирустың үнді штамы және оның мутациясы өте қауіпті. Өйткені вирустың бұл нұсқасы жасушаларға енеді, антиденелерге өте төзімді болады. Адамдар үшін өздерін қорғау және ауру жұқтыру қаупін төмендетудің ең қарапайым әдісі – коронавирусқа қарсы вакцина салдыру. Отандық ғалымдар “QazVac” та, “Спутник-V” де белгілі штамдардан, соның ішінде, “Дельтадан” қорғайтынын хабарлаған болатын.

Ғалия СЫЗДЫҚОВА,

№1 қалалық аурухананың инфекционист дәрігері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp