«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚЫРКҮЙЕКТЕ ТАПСЫРЫЛУЫ ТИІС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазір Петропавл қаласында 46 көпқабатты үй салынып жатыр. Қыркүйек айында Шоқан Уәлиханов көшесіндегі тоғыз қабатты жаңа тұрғын үйдің құрылысы аяқталады. Бұл жұмыс “Альфа-Север” ЖШС-нің жұмысшыларына сеніп тапсырылған.

Бүгінде тасқалаушылар сегізінші қабаттағы жұмысты аяқтап, соңғысына көшкен. Шаруаны қыркүйектің соңына дейін толығымен аяқтау керек. Сондықтан құрылыс басында қарбалас. 14 тасқалаушы қабырғаны көтерсе, 5 сылақшы ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізеді.

– Тағы 5 сантехник пен 3 электрик өзге қабаттардағы ішкі коммуникациялық желілерді тартуда. Бүгінде жертөледегі және алғашқы алты қабаттағы барлық жылу, жарық, су желілерін тартып үлгердік. Тапсырыс жоспарға сай орындалып жатыр, – дейді “Альфа-Север” ЖШСнің прорабы Қайыржан Жанахметов.

Баспананың жалпы аумағы 2221 шаршы метрді құрайды. Екі секциялық үйде 72 пәтер болады. Құрылыста бел жазбай еңбек етіп жүргендердің бірі – білікті тасқалаушы Айдархан Тіленшин.

–Үйді ойдағыдай, жоспарланған уақытта салып бітіретін боламыз. Ол үшін қажетті құрылыс материалдары бар. Темірбетон өнімдері жергілікті “Единство” ЖШС-нен, кірпіш Нұр-Сұлтан қаласы мен Ресейден үздіксіз жеткізіледі. Құрылыс материалдарының сапасы жақсы, – дейді 4-разрядты тасқалаушы АйдарханТіленшин.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,

“SoltüstıkQazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp