«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

КОРОНАВИРУСТЫ ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артып келеді. Өткен тәулікте өңірде жаңа 73 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 шілде күні коронавирусты жұқтырудың 73 жағдайы тіркелді. Бұдан бір күн бұрын сырқаттанғандар саны 55 болған еді.

«Сырқаттанғандардың 31-і Петропавлда, 13-і Айыртау ауданында, 7-уі Тайынша, 6-уы Жамбыл, 5-еуі Қызылжар аудандарында тіркелді. 13 ауданның тек үшеуінде ғана аурудың жаңа жағдайлары болған жоқ. 73 сырқаттың 67-сінде ауру белгілері болған. Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 72 азаматтан және эпидқадағалау мақсатында 1 азаматтан ПТР әдісімен зертханалық талдаулар алынды», – дейді департаменттің бас маманы Айнаш Сағандықова.

Облыста ПТР зерттеулер жүргізетін 4 зертхана жұмыс істейді. Пандемия басталғалы СҚО бойынша КВИ-ға 379 мыңнан астам зерттеу жүргізілді. Олардың 4,1 %-ында, 16 мыңға жуық адамда тест оң нәтижені көрсеткен. Өткен тәулікте ПТР әдісімен 1276 зерттеу жүргізілді.

Жалпы өңірде КВИ жұқтырғандар саны 15748-ге жетті. Оның 449-ы немесе 3 %-ы сырттан әкелінген. Жұқтырғандардың 64 %-ында ауру белгілері болған.

Естеріңізге салайық, СҚО-да бүгіннен бастап карантиндік шектеулер күшейтіліп, көптеген нысанның жұмыс кестесіне өзгеріс енгізілді.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp