«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шомылу маусымы басталғалы өзен-көлдерде 17 адам көз жұмды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында жаз басталғалы 17 адам суға кетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 70 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін облыстық әкімдікте өңір басшысы Құмар Ақсақаловтың төрағалығымен суға шомылу маусымында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты жиын өтті.

Департамент басшысы Рамиль Камалов жиналғандарды жағдаймен таныстырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған іс-шаралар жайында айтты.

«Карантин шектеулерінің жеңілдеуіне байланысты облыстың өзен-көлдеріне демалуға барып, суға шомылушылар саны артты. Маусым басталғалы 17 адам суға кетті. Өткен жылмен салыстырғанда бұл 12 адамға, яғни 70 %-ға көп. Жазатайым оқиғалардың барлығы суға шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде болған», – дейді Рамиль Камалов.

Департамент басшысының айтуынша, ведомство судағы оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында барлық тиісті шараларды қолға алған.

СҚО-да адам өміріне қауіпті бірнеше су қоймасы бар. Олар: Есіл өзені, Пестрое, Соленое, Лебяжье, Үлкен Тораңғұл, Шалқар және Имантау көлдері. Халық арасында бұл су қоймалары жақсы демалыс орны ретінде танымал, алайда арнайы жарақтандырылмаған жерге шомылудың қауіпті екенін ұмыттпаған жөн.

Жиынға полиция департаментінің, кәсіпкерлік, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармаларының мамандары, Петропавл және облыс аудандарының әкімдері, басқа да мүдделі мекеме-ұйымдардың өкілдері қатысты. СҚО әкімі алдын алу іс-шараларын арттырып, өзен-көлдердің аумағына жиі рейдтер ұйымдастыруды тапсырды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp