Ауыл мектептері жөнделуде
Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан білім ошақтарының басым бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан.
Күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан білім ошақтарының басым бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан.
Біздің бабаларымыз сан ғасырлар бойы “қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған” бейбіт заманды аңсады, сол үшін жандарын пида етті. Аталарымыздың аңсаған арманына қол жеткізу біздің пешенемізге бұйырыпты. Ендеше, еліміздің татулығы мен дербестігін сақтау – осынау көсегесі көгерген жерде тірлік кешіп жатқан әрбіріміздің қасиетті борышымыз болмақ.
1992 жылдың 7 мамырында Қазақстанның Қарулы Күштері құрылды. Мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігіне айналған қорғаныс саласының қазіргі ахуалы туралы облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Талғат Әліқұловпен әңгімелескен едік.
Қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Қызға қырық үйден тыйым салып, шаңырақтың иесі саналатын ұлының ержүрек, батыр, отансүйгіш әрі намысты болуын қадағалаған. Сондықтан ер баланы батырлыққа, қайсарлыққа, өжет болуға тәрбиелейді. Менің де ата-анам осы қасиеттерді бойыма сіңіріп өсірді.
Көзі қарақты көрермен театрдың үш қабырғалы формуладан тұратынын білсе керек. Бірінші қабырғасы – драматургия, екінші қабырғасы – режиссура, үшінші қабырғасы – актерлік шеберлік. Актердің шеберлігі мен автордың (драматург) ойын тоғыстырып, бір арнаға салатын режиссер екені де даусыз. Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында 16-18 маусымда премьерасы өткен Б.Нушичтың “Қарапайым адам” комедиясын Тәжікстан Республикасының еңбек сіңірген …
Петропавл қаласында “Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.
Облыс орталығында тағамға қосатын түрлі аскөктер өсіру бойынша шеберлік сағаты өтті. Тегін оқыту шарасын “Green help” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Петропавлда 64 ерекше қорғалатын тарихи және мәдени ғимарат бар. Бүгіндері олардың 47-сі жекеменшіктің иелігінде, биыл біреуі мемлекетке қайтарылмақ.
Сегіз жастағы кезім. Сай басына сырғанақ тебуге келгенмін. Ауылдастарым бір бейтаныс қара торы баланы қоршап алыпты. Ол жылап тұр, қолында – газет-журнал. Мен қонақты ренжітуге болмайды деп қолынан жетелеп, үйге алып келдім. Таныса келе аты-жөні Қонысбек екенін, көрші Үлгілі ауылынан келгенін білдім. Пошташы әкесі Балташ оны атқа мінгізіп, көрші елді мекендерге хат-хабар таратуға жіберіпті. Сырғанақ …
Біздің өңірімізде туған жерлерінің гүлденуіне атсалысып отырған қалталы азаматтар аз емес. Бір ғана “Атамекен” кіші бағдарламасы аясында 2019 жылы меценаттардың ақшалай қаражаты есебінен жалпы құны 1,4 млрд. теңге болатын 618 жоба іске асырылды. Соның ішінде 25 нысан салынып, 402-сі қайта жаңартылса, 191 қайырымдылық жоба іске асты. Білім беру, мәдениет, экология, денсаулық сақтау, инфрақұрылым, спорт, әлеуметтік …
Қазақстанда аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің және ауылдық округтердің әкімдеріне кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Мәжіліс депутаттары Ерлік Тайжанов пен Дмитрий Колода Солтүстік Қазақстан облысындағы электр техникалық жабдықтарды өндіру зауытына барып, кәсіпорын басшылығымен проблемалық мәселелерді талқылады. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Петропавлда полицейлер мас күйде көлік басқарған ер адамды ұстады, тексеру барысында оның құжаты жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Петропавлда көпқабатты үйлер жылыту маусымына дайындықты бастап кетті. Әзірге мыңнан астам үйдің тек 165-і ғана әзірлік құжатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғынының шамамен 3 млн теңге тұратын қойы жоғалып, қаңғыған малды полицейлер мен шекарашылар табуға көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында Қызылжар аграрлы-техникалық колледжі жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында ауыл тұрғыны «Бастау Бизнес» мемлекеттік бағдарламасы арқылы балық цехын ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.