«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жалған құжатпен көлік жүргізген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда полицейлер мас күйде көлік басқарған ер адамды ұстады, тексеру барысында оның құжаты жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдағы Шухов көшесінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «ВАЗ-2114» көлігін тоқтатқан. Көлікті тізгіндеген 33 жастағы қала тұрғыны мас болып шықты. Деректер базасынан жүргізуші куәлігін тексеру кезінде құжаттың бөгде адамның атына жазылғаны белгілі болды.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сараптама тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданбақ. Сонымен қатар, мас күйде көлік басқарғаны үшін ер адам сот шешімімен 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Машина арнайы тұраққа қойылды.

СҚО-да биыл жүргізуші куәлігінен айырылса да қайта мас күйде көлік жүргізген 117 адам анықталды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp